Құттықтаймыз

11.01.2021

Көрулер: 1400

Аса Құрметті СӘУЛЕ МУХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ!

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология факультетінің, зоология және ихтиология кафедрасында зертхана маманынан бастап қазіргі уақытқа дейін доцент лауазымына көтеріліп, өз маманыңыздың кәсіби іскері ретінде танылдыңыз. Кәсіби ихтиопатолог, гидробиолог маманы ретінде соңғы 20 жылдың ішінде сіздің жетекшілігіңізбен 2 PhD докторанттың ғылыми кеңесшісі ретінде, 50-ден аса студенттерге, 10-нан аса магистранттарға білікті және білімді ғылыми жетекші ретінде өз көмегіңізді аяған жоқсыз. Сіздің жетекшілігіңізбен білім алушылар өздерінің ғылыми жобаларын, диссертациялық жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғай алды. Сіздің халықаралық жарыстар мен ғылыми сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған шәкірттеріңіз де көп, атап айтқанда, «Фараби Әлемі» атты халықаралық конференцияларда, сонымен бірге көптеген халықаралық ғылыми конференцияларда, конгрестерде жүлделі орындармен марапатталып келеді. Қазіргі таңда, Сіз 70-тен аса ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторысыз. Сіз өткізетін дәріс және зертханалық сабақтар әрқашан жоғары ғылыми-әдістемелік деңгеймен ерекшеленеді, сондықтан Сіз ұжым және студенттер арасында жоғары беделді, білікті және кәсіби маман ретінде танылып келесіз.

Құрметті Сәуле Мұхаметкқалиқызы, Сіз өз мерейтойыңызға күш-қуатты, жігерлі және таусылмас шығармашылық жоспарлармен келдіңіз! Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы шын жүректен Сізге және отбасыңызға денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, сарқылмас қуат және ұзақ шығармашылық ғұмыр тілейді!

Сізге әрқашан сәттілік серік болсын, айналаңыздағы әріптестеріңіздің, достарыңыз бен жақындарыңыздың шынайы және мұқият қарым-қатынасы Сізге тек қана жылулық әкелсін!!!

 

Ізгі тілекпен биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz