«Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып»

30.04.2020

Көрулер: 2883

Педагогикалық тәжірибе жүргізу барысындағы тобымда бірыңғай бойларында инабаттылық пен ізеттілік тұнып тұрған қазақ қыздары болғандықтан тәрбиелік іс - шара тақырыбын «Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып» – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесіне арнадық. Өмірімізге нұр берген, қуанышқа бөлеген нәзік жандыларды бұл күні құрметке бөлейміз, гүл мен сыйлық сыйлаймыз, жылы лебізімізді білдіреміз. Ботаника 15 кабинетін тәрбиелік іс – шараға сәйкес түрлі плакаттар, шарлар іліп әдеміледік. Құрылған сценарийіміз бойынша өлеңдер оқылып, әсем ән айтылып, ыстық лебіздер жолданды. Студенттердің бір-біріне даярлаған сыйлықтары табысталды. Ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шараға келесі топтағы ІIІ курс студенттері, І курс магистранттары қатысты. Сонымен қатар тәрбие сағаты барысында белгілі режиссер А. Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты қысқаметражды фильмі көрсетілді. «Анаға апарар жол» – ізгілікке, отаншылдыққа жетелейтін фильм. «Анаға апарар жол» – көптеген өмір сынақтарынан өткен адамның тағдыры туралы әңгімелейді. Барлық қиындықтарды жеңуге оған ана махаббаты күш береді. Кейіпкердің өмір жолы арқылы картинада қазақ халқының тарихи кезеңдері көрсетілгені анық байқалады. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.Тәрбие сағатының көздеген мақсаты – осы фильм арқылы өмірдегі қандай қиын жағдай болмасын шешімі бар екендігін түсіндіру, өмір сынақтарынан өте білуге бейімдеу болды.


 

Аға оқытушы Чилдибаева А.Ж., 1-курс магистранты Туралиева Г.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz