КАРАНТИН КЕЗІНДЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ

10.04.2020

Көрулер: 1555

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының оқытушылары карантинге байланысты онлайн-ағынды оқытуды Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына жаратылыстану ғылымдары бойынша оқу бағдарламалары пәндерінде зертханалық сабақтарды өткізу тәжірибесін таратумен бастады.

Биотехнология кафедрасы оқытушылар құрамы сабақ кестесіне өзгеріс енгізбестен және онлайн режимде оқытуға көшті, өйткені университетте бұрыннан бар Univer, Moodle жүйелері және MOOC мазмұны бар eDX платформалары әріптестерімізге қашықтықтан оқытуды жүргізуге негіз болды.

Бүгінгі күні барлық сабақтар әдеттегідей ретпен қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтеді, өйткені оқытушылар дәрістердің, зертханалық сабақтардың және СӨЖ мазмұнын қысқа мерзімде бейімдей алды, сонымен қатар жоғары IT құзіреттіліктерін көрсетті.

Ағындылық жағдайында оқу процесі Zoom, Microsoft Teams, Google meet сияқты түрлі платформалардың көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биотехнология кафедрасының оқытушылары тек онлайн стриминг қана емес, сонымен бірге чат сабақтарын, білім беру ойындарын, Kahoot интерактивті тренажерлерін, анимациялық инфографиканы қолданатын интерактивті кейстерді және т.б. қолданып өткізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін MOOC-ке сұраныс артты. Жалпы, «Биотехнология негіздері» МООК бойынша 239 студент оқып шықты. Жақын арада біз келесі оқу жылына арналған микробиология, биохимия және экологиялық биотехнология бағыттарында eDX платформасына бірқатар бейне сабақтар жазуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біздің оытушылырымыз осы бейне сабақтардың мазмұнын әзірлеуде. Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы да Coursera платформасы үшін молекулалық биология саласындағы дәрістерді жазу үстінде; eDX платформасы үшін биофизика және зоология бағыттарында дәрістер жазуда, бұл осы оқу инстурменттерін оқу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін болады.

Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева А.С.