Семей қаласындағы Индустрия -технологиялық колледж студенттерінің қатысуымен Кәсіптік бағыт бағдар беру бойынша он-лайн кеші

07.12.2017

Көрулер: 3007

7 желтоқсан 2017 жылы Биология және Биотехнология факультетінде Семей қаласы, Индустрия -технологиялық колледж студенттерінің қатысуымен Кәсіптік бағыт бағдар беру бойынша он-лайн кеші өткізілді. Кешті биотехнология кафедрасының меңгерушісі Аида Сериковна Қистаубаева ашып берді. Өз сөзінде «..қандай мамандық таңдайтыныңызды білмей жүрсеңіздер, ғылыми бағытталған университетімізді таңдауыңызға кеңес беремін деп биотехнология мамандығының дипломын ала отырып, Сіздер техник, технолог бола аласыздар. Біздің университетті бітірген соң еліміздің жан-жақты салаларында (ҚазТрансОйл, ғылыми және арнайы зертханаларда, өндіріс салаларында жұмыс жасайсыздар» деп ғылым мен білімнің терең сырларымен бөлісті. Осы кеште сөз алған доцент Әділ Ережепович Ережепов «Біздің болашағымыз –жастар» ұранымен бастап, егер сіздер мықты маман иесі боламын десеңдер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ келіңіздер деп мәнерлі де мағыналы мәліметтерімен ой бөлісті. Профессор м.а. Светлана Казбековна Тұрашева факультетімізде студенттерге білім берумен айналысатын кафедралар туралы таныстырды. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Сауле Мухаметкалиевна Шалгимбаева, аға оқытушы Нұрлан Бейсенбекұлы Баймурзаев, оқытушы Гаухар Бахтияровна Джумахановалар балық шаруашылығы мамандығының қыр сырларымен бөлісіп биоалуантүрлілік және биоресурстар мамандығына оқуға шақырды. Он-лайн барысында Семей қаласы, Индустрия-технологиялық колледж студенттері өздерінің сұрақтарын қойып қызыға тыңдады. Авторлары: Кистаубаева А.С., Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Атамбаева Ш.А., Ережепов А.Е, Ниязова Р.Е.