Жаңалықтар

Шигаева Майя Хажетдиновна атындағы стипендиясы

16.04.2018

2018 жылы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде үздік студенттерге Майя Хажединовна Шиғаеваның атындағы жыл сайынғы стипендиялар берілді.Шигаева Майя Хажетдиновна атындағы стипендиясы - Қазақстанның танымал ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҚР ҒА ЖМ, ҚР ҰҒА академигі. Майя Хажетиновна Шиғаеваның атындағы стипендиясына биотехнология мамандығының ең талантты және табысты жас студенттері ие болды. Салтанатты рәсімдеу кезінде биология және биотехнология факультетінің үздік студенттеріне сертификаттар мен ақшалай сыйақы берілді. Осы жылы Майя Хажетдиновна Шиғаева атындағы стипендияны биология ғылымдарының докторы, профессор Қанаев Ашимхан Тоқтасынұлы табыстады. Үздік студенттерді академиялық үлгерім бойынша ғана емес, сондай-ақ университеттің ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарының нәтижелері бойынша бағалау берілді. (Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Сыдыкбекова Р.К., Н.К. Бектилеуова, Омирбекова А.А.)

Ары қарай оқу >>

«Микробтар әлемі»

14.04.2018

Биология және биотехнология факультетінде 2018 жылдың 14 сәуір күні «Микробтар әлемі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты студенттерді микроорганизмдер әлемімен таныстыру, олардың ғылыми жұмыстарға қызығушылықтарын ояту. Іс-шараға қатысушылар биотехнология кафедрасының 2 курс студенттері және оқытушылар. 

Ары қарай оқу >>

Наурыз мерекесінде кәсіби биотехнологтар кәсіби бағыт бағдар өткізді

13.04.2018

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіміздің Маркетинг жəне рекрутинг орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар "Наурыз" мейрамы өткен күні жүргізілді. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ның үздік жас ғалымы – 2018

13.04.2018

Биофизика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдрасулова Жанна Тубекбаевнаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Үздік жас ғалымы – 2018» атануымен шы жүректен құттықтаймыз!

 

******

Биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы

Ары қарай оқу >>

Киновикторина

12.04.2018

«Биотехнология» мамандығы 1 курс студенттері Хегай Ирина (куратор-эдвайзері Ш.А.Атамбаева) Суйлеман Демирель Университетте өткен «Киновикторина»  жарыста 1-ші орын алды (12/04/2018)!  Құттықтаймыз! 


Ары қарай оқу >>

"БИОТЕХНОЛОГ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН КУРСТАРДЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ

08.04.2018

  1. Биотехнология негіздері: төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы (МООК курс бойынша ) атты біліктілікті арттыру курсы (72 сағат)

2.   Мектеп оқушыларын ғылыми жоба қорғауға даярлау мәселелері біліктілікті арттыру курсы (72 сағат) 

3. Өндірістік орындардың мамандарын қайта даярлау курсы және Санитарлы – гигиеналық микробиология, Қоршаған ортаның мониторингісі атты курсы, Биотехнологиядағы ашытқылар және т.б. курстар (72 сағат)

Ары қарай оқу >>

"Білім жəне карьера" көрмесі

07.04.2018

Сәуір айында Атакентте "Білім жəне карьера" атты көрме өткізілді. Көрмеге тек біздің университет ғана емес шет елдің де ЖОО қатысуда. Іс шара барысында КазҰУнің павильонына биология жəне биотехнология кафедрасының түлектері келді жəне олар біздің университеттің биохимия, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және микробиология кафедрасын бітіргендігін мақтанышпен айтып өз ойларымен бөлісті. 

Ары қарай оқу >>