Жаңалықтар

Биология және биотехнология факультеті - кәсіби бағыт бағдар алаңында

03.05.2018

2018 жылдың Мамыр айында Алматы облысы Тұзды Бастау ауданының 10 мектебінен 400 ге жуық мектеп түлектері қатысуымен мамандықты таңдауға байланысты, кәсіби бағыт бағдар жұмыстары жүріп өтті. Тұзды Бастау мектеп директоры əл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология жəне биотехнология факультетінің оқытушы профессорларларын қарсы алып, алғы сөз сөйлеп, жиналысты ашты. Жиналыс барысында университеттің 16 факультеттен жəне 64 кафедрадан тұратындығы жайлы айтылды, соның ішінде биыл Білім жəне Ғылым Министрлігі техникалық мамандықтарға қосымша 20 000 грант бөліп отырғандығы айтылып кетті, осындай техникалық мамандықтардың бірі биотехнология мамандығы бар екендігі оқушыларға айтылды. 

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МИКРОНУТРЕТТЕРІНІҢ БИОФОРИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУ

28.04.2018

2018-2019 жылдарга арналған Казахстан Рсспубликасы ұсынған ұлттық жобалардың тұжырымдамаларын қарастыру қорытындысы бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық areнттігі  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде (жобаның ғылыми жетекшісі проф. С.С. Кенжебаева) мәслімдеген KAZ 5/004» ұлттық жобасы бойынша «Мутациялык селекцияны пайдалану арқылы бидай сортынын нәрлілігі сапасын жақсарту арқылы кұрғакшылыққа жэие ауруларға төзімді бидай сортын жасау» ("Developing Drought Tolerant and Disease Resistant Wheat Varieties with Enhanced Nutritional Content Using Mutation Breeding") жобасы бекітілген және жүзеге асыруға қабылданғанын хабарлаймыз.

Ары қарай оқу >>

Таза сессия - біз өз білімізге сенеміз

28.04.2018

28.04.2018 ж. Топ студенттеріне жазғы сессия жайлы "Таза сессия - біз өз білімізге сенеміз" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: «Таза сессия» жемқорлықтың алдын алады, студенттердің емтихан мен сессия кезінде жол берілетін жемқорлықпен күресуді саналарына ұялатуболып табылады. (Сыдықбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Мұқашева Т.Д., Бектілеуова Н.К, Өмірбекова А.).

Ары қарай оқу >>

«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

26.04.2018

26 сәуір 2018 жылы сағат 10:00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды.

Ары қарай оқу >>

"Біз қаламыз таза болу үшін не істей аламыз?"

21.04.2018

"Грин кампус" жобасының шеңберінде 21 сәуір 2018 күні, "Біз қаламыз таза болу үшін не істей аламыз?" атты іс-шара сенбілік барысында өтті. Іс-шараның мақсаты студенттерге қаламызды таза ұстаудың маңыздылығы бойынша тәрбиелік қасиет сіңдіру. Сенбілікке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының 1 курс студенттері мен оқытушылары.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Наурыз-2018" мейрамы аясында Қазақтың ұлттық салты "ҚЫЗ ҰЗАТУ" көрінісі

21.04.2018

Қазақ ұлттық университетінің Наурыз мейрамы аясында Қазақтың ұлттық салты "ҚЫЗ ҰЗАТУ" көрінісін биотехнология кафедрасының профессоры Атабаева Сауле Джумалиевна мен доцент  Ерназарова Гулзира Измухановна  және Турашева С.К. қойылым жасап студенттерді ұйымдастырды. 

Ары қарай оқу >>

Наурыз - Ұлыстың ұлы күні

21.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2018 жылдың сәуірдің 21 күні «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні» мерекесі аталып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Университет студенттерін Орта Азия халықтарының және қазақ халқының да ұлттық мейрамына дәріптеу. (Проф. Жубанова А.А., доцент Кистаубаева А.С., б.ғ.к., доцент Абдиева Г.Ж., б.ғ.к.,  доцент Уалиева П.С., б.ғ.к.,  доцент Кайырманова Г.К., PhD, аға оқытушы Акимбеков Н.Ш.)

Ары қарай оқу >>

Фитотерапияның мәселелері

20.04.2018

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында 2018 жылы 20 сәуір күні 427 аудиторияда 15.00 сағатта «Фитотерапияның мәселелері» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі және кафедра ұжымы

 

Ары қарай оқу >>

«Биші» су бұрқақтары

20.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі «Мәңгілік ел» архитектуралық кешенінің су бұрқақтары «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні» мерекесі қарсаңында 2018 жылдың   20 сәуірінде ашылды. Қазіргі кезде көрікті университетіміздің сәнін келтіріп тұр. 

Ары қарай оқу >>

«Сары-Бұлақ» құс фабрикасының қалдықтарын өндеуі

18.04.2018

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-ті биотехнология кафедрасының бір топ ғалымдары (Кайырманова Г.К., Абдиева Г.Ж., Уалиева П.С., Акимбеков Н.Ш.) және АЭжБУ (жылу физикасы кафедрасы) зерттеушілері «Сары-Бұлақ» құс фабрикасының бас директоры Ж.Ж. Смаиловпен өндірістік қалдықтарын өңдеу жөнінде кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>