Жаңалықтар

«Желілік ғылыми жобалар конкурсы»

22.12.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары, Алматы қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінде «Желілік ғылыми жобалар конкурсына» әділ қазылық жасады.

Авторлар: Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰУ-да «Алатау» қысқы бағы ашылды.

19.12.2018

Мұнда 50-ден астам тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталған, сондай-ақ фонтандар мен шағын архитектуралық нысандар, студенттерге демалуға және жұмыс істеуге арналған орындар бар. Қысқы бақта болашақ биологтар, геоботаниктер, экологтар мен басқа да мамандық иелері үшін сабақтар мен ғылыми тағылымдамалар, ал мектеп оқушылары мен табиғат әуесқойлары үшін экскурсиялар өткізілетін болады.

Бақ жинақтамасы сирек кездесетін және құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен толықтырылып отырады. Бұл тамаша табиғи орта жасампаз жастар мен кампустың тұрғындары үшін ерекше тартымды орынға айналуда. Мұнда олар уақытты тиімді пайдаланып, демалып, арнайы эко-тренингтерге қатысып, өсімдіктерді күтіп-баптап және табиғат туралы көбірек білуге мүмкіндік алады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

17.12.2018

2018 ж. 17 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №7 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Тәуелсіздікқасиет тұнған ұлы ұғым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жатақханада 2 курс студенттерінің қатысуымен өткізілген бұл кештің ауқымы кішігірім болса да, тәуелсіздіктің маңыздылығы мен қадірін түсінетін жастар үшін пайдалы болды. Мерекелік іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздігін жырлаған қазақ ақындарының шығармаларынан үзінді оқып кештің шырайын келтірді. 

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. 

 

Ары қарай оқу >>

«Таза сессия» акциясы

11.12.2018

2018 жылдың 11 желтоқсанында «Жемқорлықсыз университет» жобасы аясында 2018-2019 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын студенттердің таза өз білімдерімен тапсыруы үшін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасында «Таза сессия» акциясы өткізілді. 

«Таза сессия» акциясы сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғам арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады.

 © Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Ары қарай оқу >>

Х-Еуразиялық халықаралық олимпиада қатысушыларына кәсіби бағыт бағдар беру

10.12.2018

2018-2019 оқу жылы желтоқсан айының 9-да сағат 18 ден 20 аралығында ТМД елдерінің оқушыларының қатысуымен Х-шы Еуразиялық халықаралық олимпиада қатысушыларына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің  Маркетинг және рекрутинг басшылығының ұйымдастыруымен кәсіби бағыт бағдар өткізілді. Мұнда биотехнология мамандығына қызығушылық танытқан оқушыларға бағыт бағдар берілді. 

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К. 

Ары қарай оқу >>

Бала организмі және стресс

07.12.2018

Биофизика және биомедицина кафедрасында «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында “Бала организмі және стресс” тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында студенттерге бала организміне және психикасына стресстің әсері, стресстік жағдайларда адаптивтік өзгерістертің қалыптасуы мен эмоционалды күйді өзіндік реттеудің түрлі әдістері жайлы мағлұмат берілді.

 

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі

 

@kaznu_farabi

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»

06.12.2018

Құрметті әріптестер мен студенттер!

 2018 жылдың 6 желтоқсанында сағ. 13:00-де биофизика және биомедицина кафедрасында «Салауатты өмір салты» жобасының аясында “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында өткізілетін дискуссиялық алаңның жұмысы өтті.

Мақсаты: өз денсаулығына күтіммен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану әдебі мен тамақтану режимін әдетке айналдыру.

Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі саналады, оның негізгі ережелері баланың сәбилік кезеңінде қаланып, өмір бойы сақталады. Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде артық салмағы бар және семіздіктен зардап шегуші адамдардың саны артуда. Бұл проблеманың қазіргі таңда жастарда да белең алуына байланысты өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

 

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі

Ары қарай оқу >>

Еркіндікті сүйетін халық

05.12.2018

2018 жылы 5 желтоқсан айында Еліміздің еркіндігі" атты кураторлық іс шара "Желтоқсан жұлдыздары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мустафина Гульмира Баятовна және Босманова Үміт Кенжебаевнаның қатысуымен өткізілді. Қонақтар студенттерге еліміз туралы, Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы мәліметтерді айтты; Сөз соңында студенттерімізді өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу мақсатында ерекше ақпараттар айтылды. Қонақтар алғысын білдіріп студенттерге Тәуелсіз Қазақстан туралы тарихи видеофильмді сыйлады. Тыңдаушылар келген қонақтарға алғысын білідіріп естелікке суретке түсті.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Нармұратова М.Х. және аға куратор Бектілеуова Н.К. қатысты.

Ұйымдастырушылар: биотехнология кафедрасының доценттері б.ғ.к. Ерназарова Г.И., б.ғ.к. Турашева С.К., б.ғ.к. Нармуратова М.Х., б.ғ.к. Мелдебекова А.А. және "5В070100-Биотехнология" мамандығының 4-3 курс студенттері (КБТ 15-02К, КБТ 15-03К, МБТ16-06К, МБТ 16-08К топтары) 

Ары қарай оқу >>

«Ел тірегі – Елбасы»

30.11.2018

30 қараша 2018 ж. биофизика және биомедицина кафедрасында «Рухани жаңғыру» жобасының аясында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай «5В011300-Биология» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеудің жалпы мемлекеттік мәні бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қоғамымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қоғамның ХХІ ғасырда тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін бұдан әрі нығайту болып табылады.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.


Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!» VI республикалық студенттік патриоттық жастар форумы өтті

29.11.2018

Біздің студенттер 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» VI Республикалық студенттік патриоттық жастар форумы аясында студенттік инновациялық жобалар байқауына қатысты. Биология және биотехнология факультетінің студенттері «Елдің инновациялық дамуына қосқан үлесім» атты ең үздік студенттік инновациялық әлеуметтік жоба бағыты бойынша 5 жобаны ұсынды:

- Аманбай Балғын, Узбекбаева Гульнур, Ілесбек Маржанай «Су құрылымдарындағы антиэнтропиялық гидрофилизат» жобасы, жетекшісі – б.ғ.д., биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры В.М. Инюшин. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.

- Мұқатай Үміт, Өкенова Алтынай,  Бакирова Акбота, Тәңірберген Салтанат «Биологиядағы электронды оқыту» жобасы. Жетекші – биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, PhD Ыдырыс Әлібек. Жобаның бағыты – биологияны оқыту әдістемесі.

- Талипова Айжан (1 курс докторанты), 1 курс магистранттары – Асылбекова Айгерим, Сайдильдина Сабина, Батықова Жұлдыз, Мусабеков Журабек «Жасартқыш қасиеттері бар бетке арналған нанокомпозитті био-маска». Жетекші – биотехнология кафедрасының оқытушысы Шокатаева Д.Х. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.

- Гусейнова Джамиля, Мусагалиева Әлфия, Тілеулиева Мариям («5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының 3 курс студенттері) «Аквапоника» жобасы. Жетекші – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Кегенов. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік.

- Амангельдинова Мадина, Демеу Гүлім, Ергозова Диана, Қайырбеков Тұрсынбек, Тұрысбек Бексұлтан (5В060700 – Биология мамандығының 3 курс студенттері) «Жылыжай кешенін пайдалану арқылы дәрілік және пайдалы өсімдіктерден табиғи шикізат (in vitro) өндіру» жобасы. Жетекші – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Оразов А.Е. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.

Естеріңізге сала кетсек, Форум бағдарламасына сәйкес, дәстүрлі түрде 4 конкурс өткізіледі: «Елдің инновациялық дамуына қосқан нақты үлесім» атты ең үздік студенттік инновациялық әлеуметтік жоба; «Менің өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбындағы үздік студенттік эсселер; «Мен жастарым сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы үздік поэзиялық шығарма; «Мәңгілік ел – мұратым» патриоттық әндер байқауы.

Ары қарай оқу >>