«Мен жастарға сенемін!» VI республикалық студенттік патриоттық жастар форумы өтті

29.11.2018

Көрулер: 2586

Біздің студенттер 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» VI Республикалық студенттік патриоттық жастар форумы аясында студенттік инновациялық жобалар байқауына қатысты. Биология және биотехнология факультетінің студенттері «Елдің инновациялық дамуына қосқан үлесім» атты ең үздік студенттік инновациялық әлеуметтік жоба бағыты бойынша 5 жобаны ұсынды:

  • Аманбай Балғын, Узбекбаева Гульнур, Ілесбек Маржанай «Су құрылымдарындағы антиэнтропиялық гидрофилизат» жобасы, жетекшісі – б.ғ.д., биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры В.М. Инюшин. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.
  • Мұқатай Үміт, Өкенова Алтынай,  Бакирова Акбота, Тәңірберген Салтанат «Биологиядағы электронды оқыту» жобасы. Жетекші – биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, PhD Ыдырыс Әлібек. Жобаның бағыты – биологияны оқыту әдістемесі.
  • Талипова Айжан (1 курс докторанты), 1 курс магистранттары – Асылбекова Айгерим, Сайдильдина Сабина, Батықова Жұлдыз, Мусабеков Журабек «Жасартқыш қасиеттері бар бетке арналған нанокомпозитті био-маска». Жетекші – биотехнология кафедрасының оқытушысы Шокатаева Д.Х. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.
  • Гусейнова Джамиля, Мусагалиева Әлфия, Тілеулиева Мариям («5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының 3 курс студенттері) «Аквапоника» жобасы. Жетекші – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Кегенов. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік.
  • Амангельдинова Мадина, Демеу Гүлім, Ергозова Диана, Қайырбеков Тұрсынбек, Тұрысбек Бексұлтан (5В060700 – Биология мамандығының 3 курс студенттері) «Жылыжай кешенін пайдалану арқылы дәрілік және пайдалы өсімдіктерден табиғи шикізат (in vitro) өндіру» жобасы. Жетекші – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Оразов А.Е. Жобаның бағыты – ғылым және тіршілік: биомедицина.

Естеріңізге сала кетсек, Форум бағдарламасына сәйкес, дәстүрлі түрде 4 конкурс өткізіледі: «Елдің инновациялық дамуына қосқан нақты үлесім» атты ең үздік студенттік инновациялық әлеуметтік жоба; «Менің өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбындағы үздік студенттік эсселер; «Мен жастарым сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы үздік поэзиялық шығарма; «Мәңгілік ел – мұратым» патриоттық әндер байқауы.