Жаңалықтар

SKILLS ACADEMY - ТІЛ ҮЙРЕНУ ПЛАТФОРМАСЫ

12.04.2021

Журналистика факультеті 2-курс магистранты Берікбол Төлеген "Skills academy - тіл үйрену платформасы" жобасын Студенттік бизнес инкубаторлар байқауына ұсынып, университет бойынша 3-орынды иеленді.

Ары қарай оқу >>

Журналистиканың қара нары – Әбілфайыз Ыдырысов атындағы оқулар өтті

10.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» деген тақырыпта Ыдырысов оқулары өтті.

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛДЕРІ

07.04.2021

7 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту моделдері” (МТIJ) атты дәстүрлі V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен халықаралық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынды бесінші рет өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ӨТТІ

28.03.2021

Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбында журналистік материалдар даярлаудың медиа құралдарын үйрену модулі шығармашылық кешенді қамтыды. БАҚ-та экологиялық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын талқыланып, оларды экологиялық мәдениетті арттыруы жолдарына дейін аталған шараға ғалымдар, журналистер мен экологиялық саланың еріктілері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА

24.03.2021

Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экология саласында маманданған журналистерге арналған дәрістерін тыңдаған елуден астам БАҚ маманы экологиялық білімін арттырды. 

Ары қарай оқу >>

Құтты болсын

15.03.2021

Әйелдер мейрамы қарсаңында кафедрамыздың аға оқытушысы, университеттің Корпоративтік БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Гүл Құттыбекқызы Баяндина ханым Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ДӘСТҮРЛІ "БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ" 09.03.2021

09.03.2021

Журналистика факультетінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, ұлттық телерадио хабарларын таратуға өлшеусіз үлес қосқан, қазақстандық журналисттердің көптеген буынын тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Барманқұловты еске алуға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ UNAI ҒАЛАМДЫҚ ХАБЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ

02.03.2021

2021 жылы 2 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «The role of youth within the implementation of Sustainable Development Goals in the Decade of Action» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ЮНЕСКО кафедрасының өкілдері, халық аралық журналистика және қоғаммен байланыс жөніндегі профессор, саясаттану ғылымдарының докторы, UNAI тұрақтылық жөніндегі ғаламдық хабының құрметті директоры Ғалия Ибраевапрофессорфилология ғылымдарының докторы, кафедра меңгерушісі Назгүл Шыңғысова қатысты.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жатқа оқыды

18.02.2021

Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай  ақын өлеңдерін  жатқа оқу челенджін  «Қазақ Радиолары» ЖШС ұжымы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне жолдаған болатын.

Ары қарай оқу >>

ПАНДЕМИЯМЕН КҮРЕСТЕГІ РАДИО ҚЫЗМЕТІ

18.02.2021

Дәстүрлі қысқы медиа мектеп жұмысын онлайнда өткізді. "Qazaq Radiosy" 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі әлемнің жеті елінің басын қосқан халықаралық шара. 

Ары қарай оқу >>