Жаңалықтар

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ СТОРИТЕЛЛИНГ

16.11.2020

Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Multimedia Journalism School» қашықтан медиа білім беру жобасы аясында «Мультимедиялық сторителлинг» вебинары өтті. Шараның басты мақсаты білім алушылардың заманауи медиа кеңістікпен танысып, сол әлемде орнығуына, сондай-ақ мультимедиялық тұлғаға айналуына ықпал ету. Журналист әрі пайдаланушы ретінде кез-келген деңгейде жұмыс істеуге үйрету. Интернет дереккөздерінен ақпарат алу, оны ой елегінен өткізу және оңтайлы пайдалану механизмдерін игеру дағдыларын қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

НҰРБОЛ ЖАУЫНБАЕВ – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

15.11.2020

2020 жыл «Абай жылы» ретінде есте қалғаны анық. Хакімнің мерейтойына еліміздегі жоғары оқу орындары түгел дерлік атсалысып, бірі ғылыми конференция өткізсе, бірі Абай мұраларын ән кештерімен дәріптеді. Осындай бағытта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен «Өлең-сөздің патшасы» атты республикалық жас ақындар айтысында «баспа ісі» мамандығының студенті Нұрбол Жауынбаев бас жүлде иеленіп, мерейімізді асырды.

Ары қарай оқу >>

МҰҒАЛІМДЕР ОҚЫҒАН КЕЗДЕ…

15.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспа ісі және электронды БАҚ кафедрасы, Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында (MIL), Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы өкілдерінің қатысуымен «Дезинфемияға қарсы іс-қимыл: БАҚ және барлығына арналған ақпараттық сауаттылық » іс-шарасы өтті.

Ары қарай оқу >>

Библиограф-ғалым, баспагер, редактор Қоңыр Мұқатайқызының 70 жылдығына арналған халықаралық конференция

13.11.2020

13 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде белгілі баспа ісі және полиграфия саласының қайраткері, библиограф-ғалым, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер  кафедрасының доценті Қоңыр Мұқатаеваның 70 жылдығына арналған «Баспа, полиграфия және web-технологиялар жүйесін оқыту-зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ

02.11.2020

Журналистика бейресми иерархияда " төртінші биліктің"орнын алады, бірақ сонымен бірге ең қауіпті мамандықтардың қатарында. "Қазақстан: журналистердің қауіпсіздігін арттыру" коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының (КДХБ) бекітілген жобасы аясында "Әділ сөз"сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен бірлесе отырып журналистер қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша кіріспе онлайн-кездесу журналистік қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беру және қолдау мәселесінің өзектілігіне арналды. 

Ары қарай оқу >>

«ҰЛТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

29.10.2020

2020 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда филология ғылымдарының докторы, профессор, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашұлы Омашевтың 70 жасқа толуына арналған «ҰЛТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен студенттер Клаудия Мелладоның «Beyond Journalistic Norms» атты жаңа кітабының тұсаукесеріне қатысты

08.10.2020

8-қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері алғаш рет "Beyond Journalistic Norms" атты жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесеріне қатысты. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ым – Темірқазығым

01.06.2020

Ғұлама ойшыл, Шығыстың жауһары  Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні академиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні   2020 жыл 30 мамырда осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.

Ары қарай оқу >>

Түлектердің онлайн-кездесуі

30.05.2020

Түлектермен баянды байланыс орнату әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің идеялық-тәрбиелік жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Ғаламдық білім кеңістігінде танымал қазақстандық жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз түлектерінің өмір жолына жіті көз жіберіп, қарашаңырақтың әлеуметтік саладағы, ғылым және білім өрістеріндегі жетістіктерімен танысуына жағдай жасауда. Әр тарапта жүрген жандардың бастарын қосуға мұрындық болып, жыл сайын 30 мамырда өткізіліп келе жатқан түлектер кездесулері - ҚазҰУ-дың игі дәстүрі. Қазір онлайн үлгісінде өтіп отырған бұл шара биыл Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған.

Ары қарай оқу >>