Журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жатқа оқыды

18.02.2021

Көрулер: 1801

Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақын өлеңдерін жатқа оқу челенджін «Қазақ Радиолары» ЖШС ұжымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне жолдаған болатын. Челендждің мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру болды. 18.02.2021 күні ҚазҰУ Журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері мұзбалақ ақының өлеңдерін жатқа оқу челенджін қабыл алып, ақынның «Өзгереді» өлеңін факультет деканы мен факультет ұстаздары жатқа оқып, эстафетаны Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттеріне жолдады.

Айзада Сатыбалды