Жаңалықтар

Жұмабек Кенжалин атындағы аудитория ашылды

13.11.2019

Қарымды қаламгер, білгір журналист, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар басшылық жасаған оқу ордамыздың ұстазы Жұмабек Кенжалинның есімі болашақ журналистерге кеңінен танымал. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Жұмабек Кенжалин–Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты алқасөз осы тақырыпқа арналды.

Ары қарай оқу >>

Елшіліктегі кездесу

11.11.2019

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі Айгүл Сайфуллақызы Құспан Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп аталатын ашық шараға қатысқан делегацияны қабылдады. Елшілікте филол.ғыл.кандидаты, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қабылғазина Клара Абайдың 175 жылдығына орай баяндама жасады. Сөз елшілік сайтына қойылды.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" - ел шежіресі

26.10.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биыл жүз жылдық мерейтойын мерекелеп жатқан еліміздегі ең байырғы, басты басылымы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің апталығы ұйымдастырылды. Журналистика факультетінде ашылған «Egemen Qazaqstan» газетінің оқу-шығармашылық зертханасының тұсаукесер рәсіміне арнайы келген «Egemen Qazaqstan» газетінің АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бастаған редакция ұжымын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов,  журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

Кездесу

24.10.2019

«Ұлттық рух ұясы». ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай журналистика факультетінде келелі кездесулер өткізілуде. Кезекті жүздесудің құрметті қонағы "Ана тілі" басылымының, "Ұлт" интернет-порталының бөлім редакторы Ақбота Мұсабекқызы болды.

Ары қарай оқу >>

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы өз тәжірибесімен бөлісті

23.10.2019

«Ұлттық рух ұясы»   Журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Баспасөз және жаңа медиа» апталығы  өтуде.                         Бүгінгі қонағымыз bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының бас редакторы, журналист Марғұлан Ақанның қатысуымен кезекті кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

Эфирдегі тандем – өмірдегі тандем

22.10.2019

«Ретро FM»-ның бас редакторы, Қазақстан сән апталығының PR-директоры, «Unity» отбасылық фестивалінің директоры, ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі – Ботагөз Алдоңғарова шеберлік сағатында журналистика мамандығы, журналистика этикасы, сондай-ақ өзінің ҚазҰУ-дағы студенттік өмірі туралы шеберлік сағатын өткізді. 

Ары қарай оқу >>