Эфирдегі тандем – өмірдегі тандем

22.10.2019

Көрулер: 186

«Ретро FM»-ның бас редакторы, Қазақстан сән апталығының PR-директоры, «Unity» отбасылық фестивалінің директоры, ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі – Ботагөз Алдоңғарова шеберлік сағатында журналистика мамандығы, журналистика этикасы, сондай-ақ өзінің ҚазҰУ-дағы студенттік өмірі туралы шеберлік сағатын өткізді.

Ботагөз студенттік кезеңдердегі жастардың  басынан өткеретін қиындықтарына тоқталып, өзінің шеберлік сағаты тақырыбын мотивациялық бағытқа арнады. Тақырып өзінің өміріне байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінді. Алдымен Ботагөз қарым-қатынастары әлі үзілмеген сыныптастары жайлы, оқуы туралы, мұғалімдерін жылы еске алып, содан кейін жиналғандарға журналист ретінде алғашқы қатысқан іс-шараларын айтты. Өзінің мансабын бастаған «Хабар» телеарнасы мен «Тотем» радиостанциясы жайында біраз сөз қозғап, телевизиядан кетуімен сөзін жалғады. Журналистика этикасы жайлы да өз тәжірибесі арқылы айтып өтті. Сонымен қатар, мамандық таңдаудың маңызы туралы: – Сіздер қандай да бір саланың маманы болуларыңыз керек деп сеніммен айтамын. Бұл міндетті. Сол салада терең білімдеріңіз болуы керек. Сіз басқалардан қарағанда нені жақсы білесіз? Ойланып көріңіз. Сіздің хоббиіңіз мамандығыңыз болу керек және ол сізге ләззат әкелу керек.

Ботагөз Алдоңғарова сынды тұлғалар кәсіби жолын жаңа бастаған студенттерге үлгі болу керек. Жетістіктер ғана емес, мұндай кездесулерде айтыла бермейтін өмірлік жолдың қиындықтары мен қателіктері жайлы есту жағымды әсер қалдырды. Ботагөз – ашық, адал, медиа саласында не және қалай болып жатқанына алаңдайтын журналист. Журналистика факультетінің студенттері журналистің өмірлік және кәсіби тәжірибесін осылай өз аузынан естіді.

 

Лариса Нода, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы