Линда Фуллердің шеберлік сағаты

21.10.2019

Көрулер: 111

21 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті студенттері Массачусетс университетінің профессорымен (Ph.D., Массачусетс университеті, Ворсестер мемлекеттік университетінің профессоры Эмерита) - Линда Фуллермен  кездесуі өтті. 30 кітаптың және журналистика және бұқаралық коммуникация бойынша 250-ден астам кәсіби мақаланың авторы. Әртүрлі халықтар, әртүрлі елдер мен континенттердің арасындағы қарым-қатынаста үлкен маңызы бар «Мәдениетаралық коммуникация» туралы сөз болды және бұқаралық ақпарат құралдарынан тұлғааралық қарым-қатынастың көптеген мысалдарын келтірді.
Мысалдар өте қызықты  болды. Линда Фуллер 2002 жылы Сенегалда жұмыс істегенін және 1996 жылы Сингапурда Фулбрайт бағдарламасы бойынша сабақ бергенін айтты. Жақында профессор әйелдердің олимпиадалық қозғалыстағы рөлі мен қатысуын зерттеп, осы тақырыпта кітаптар шығарды: Әйелдер олимпиадасы (2016), Олимпиадалық әйелдер және Паралимпиадалық оқиғалар (2018). Студенттерден болашақ жоспарлары туралы сұрағанда, Линда Фуллер Эвересттің биік шыңдарына өрмелеудегі әйелдердің қатысуын зерттегісі келетіндігін айтты. Профессордың 2019 жылдың қазан айында Орталық Азия елдеріне (Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан) Қытай Халық Республикасына келуінен кейін үлкен жоспарлары бар.