Кездесу

24.10.2019

Көрулер: 1932

«Ұлттық рух ұясы». ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай журналистика факультетінде келелі кездесулер өткізілуде. Кезекті жүздесудің құрметті қонағы "Ана тілі" басылымының, "Ұлт" интернет-порталының бөлім редакторы Ақбота Мұсабекқызы болды. Еркін форматта өткен кездесу барысында студенттер өзекті сұрақтарға жауап алып, SMM мамандырының артықшылықтары, сайт-порталдардың қоғамдық мән-маңызы туралы біршама ақпарат алды. Ойды сан саққа жүгіртетін сұрақтардың ішінде, жұмыспен қамтылу мәселесі де қозғалды. Сондай-ақ мамандық жолын телевизия саласынан бастаған журналист, баспасөзге кейін келгенін айтты. Газет редакторларының ұстаханасынан жинақтаған тәжірибе қорымен бөлісіп,  сабақ болатын жағдаяттарды өмірлік мысалдар негізінде жеткізді. Бірнеше жылдар бойы «Muzzone TV», «Хабар», «Qamshy.kz» ақпарат агенттігінде, «Қазақ үні», «Таң» телеарнасында қызмет еткен.

Журналистің айтуынша: «Қазіргі жастар белсенді болуы қажет. Журналистикада ақша таба алмайсыз деген таптаурын тіркес баяғыда ескіріп қалған. Шын мәнінде өз мамандығын бес саусағындай білетін білгір мамандар үшін шекара, шектеу жоқ. Мен журналистиканы бизнес деп те қараймын» деді. « Қай елдің БАҚ-ы мықты болса, елі де қуатты» деген ой еріксіз еске түседі. Бұрыннан бері ақпаратқа қаражаттың қайнар көзі деп қарайтын холдингтер, медиа бірлестіктер аз емес. Заман талабы да осыған келіп саяды. Сондай-ақ Ақбота Мұсабекқызы журналистиканың атұстар ұл-қыздарының қаламынан туған туындыларын «Ана тілі», «Ұлт» сайт порталдарына жариялауға әзір екенін жеткізді. Аға буын мен кейінгі толқын жастардың арасындағы тығыз байланысқа құрылған кездесу көптің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Назым Самет