Суретші-дизайнермен кездесті

22.10.2019

Көрулер: 1520

    Қоғаммен байланыс бойынша болашақ мамандар,  2 курс студенттері белгілі суретші-дизайнер, фирмалық стиль бойынша маман Бейсенбек Серікбаймен кездесті. Бейсенбек Серікбай - Қазақстан Суретшілер одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі, кітап графикасы бойынша көптеген жұмыстардың және логотиптердің авторы болып табылады. Б.Серікбай «Жарнама» пәнін оқып жатқан студенттерге тауарлық және әлеуметтік жарнаманың қазіргі жағдайы, қаптама дизайны туралы айтып берді. Сонымен қатар ол заманауи дизайн және фирмалық стиль мәселесіне тоқталды. Қазіргі уақытта жарнама, дизайн және фирмалық стиль бір-бірімен тығыз байланысты. Танымал суретші студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың фирмалық стиліне қатысты  өз шәкірттері-дизайнерлер плакаттарының көрмесін, графика бойынша компьютерлік жұмыстарын көрсетті, болашақ PR-шылар  сұрақтарына жауап берді.