Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы өз тәжірибесімен бөлісті

23.10.2019

Көрулер: 2035

«Ұлттық рух ұясы»   Журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Баспасөз және жаңа медиа» апталығы  өтуде.                                 

Бүгінгі қонағымыз bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының бас редакторы, журналист Марғұлан Ақанның қатысуымен кезекті кездесу өтті. Мастер класс барысында журналист заманауи журналистика мен бүгінгі күнде сұранысқа ие медиа саласы туралы ой қозғады. Сонымен қатар контентпен дұрыс жұмыс жасау және адамдарға өтімді ақпарат ұсыну жолдарын да ашық айтты. Бұл шарада журналист bugin.kz платформасын толығымен таныстырып, сайтқа материал беру тәсілдерін берді. Кері байланыс болған кезде, студенттер көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Жас редактор спикер болған кездесу өз деңгейінде өтті.                                                          

 

Суреттерді  түсірген Марат Жүнісбеков.