Жаңалықтар
«YESSENOV LAUNCH PAD-2024» БАЙҚАУЫ!
10.05.2024Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын жариялайды. ЕГЕР СЕН:
* ҚР азаматы болсаң;* Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;* Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;* Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!
«Франциядағы стипендиялық бағдарламалар»
24.04.20242024 жылдың 24 сәуірінде Механика-математика факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранттары үшін Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерімен «Франциядағы стипендиялық бағдарламалар» тақырыбында кездесу өтті.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
19.04.2024«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында «Механика» мамандығының қазақ бөлімінің 2 курс бакалавриат студенттеріне «Жер экожүйесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Механика-математика факультеті аумағында эдвайзер Алибаева Қарлығашпен және студенттермен бірлесе отырып, 4 түрлі (каштан, каталпа, гибискус, туя) ағаш көшеттерін отырғызу шарасы сәтті ұйымдастырылды.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ – ДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
12.04.202404.04.2024 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың 90 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғалыми конференциясы өтті.
«Математикалық моделдеу және есептеу математикасы» секциясы бойынша ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды.
ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
12.04.2024Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында механика кафедрасының профессорлары Әлібай Ысқабайұлы Ысқақбаев пен Кеңес Бәжкенұлы Жақыповқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан құттықтау келді. Біз де ғалымдарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!
2024 ЖЫЛДЫҢ 8 СӘУІРІ МЕН 20 СӘУІРІ АРАЛЫҒЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНДА ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ФРАНЦИЯ) ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРІ, ДОКТОР ОЛИВЬЕ БОТЕЛЛА ІССАПАРМЕН ЖҮР.
12.04.20242024 жылдың 8 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасында Лотарингия университетінің (Франция) Қауымдастырылған профессорі, доктор Оливье Ботелла іссапармен жүр. Екі университет арасындағы қос дипломдық магистратура бағдарламасы аясында ол «7M05405 – Механика және энергетика» мамандығы бойынша бірінші курс магистранттарына (М1) дәріс оқиды. Дәрістер офлайн режимінде және ағылшын тілінде, «Сандық талдау» және «Есептеу гидродинамикасы» пәндері бойынша жүргізіледі. Келесі жылы таңдалған студенттер Абай-Верн стипендиялық бағдарламасының қолдауымен Франциядағы магистратураның екінші курсында (М2) оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.
III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
12.04.202405-11.04.2024 күндері ҚазҰУ - да өткізілген Студенттік бизнес-инкубаторлары инновациялық жобаларының байқауына 60 жоба қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша «Қоқысты немесе басқа да заттарды жинап, реттеуші автономаттандырылған робот» жобасы ең үздік деп танылып, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 1 курс докторанты Рахматулла Заңғар 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және арнайы Дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі, кафедра оқытушысы Сагитжанов Берікті және Рахматулла Заңғарды жеңістерімен құттықтаймыз.
"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
11.04.2024«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде 3-орын жеңімпазы атанған «Механика» мамандығының 4-курс студенті Карлина Елизаветаны және жетекшісі профессор м.а. Беляев Ержан Келесұлын да құттықтаймыз!






