Дүниежүзілік туризм форумы (WTFL) презентациясы
Туризм мамандары үшін ҚазҰУ Технопаркының мәжіліс залында Дүниежүзілік туризм форумы (World Tourism Forum Lucerne)
презентациясы өтті.
Спикерлер: WTFL президенті және атқарушы директоры Мартин Барс (Martin
Barth) және WTFL Консультативтік кеңесінің төрағасы Рето Виттвер (Reto Wittwer) .
Мамандар «туризм және қонақжайлылық саласындағы Давос» деп атайтын
Дүниежүзілік туризм форумы, ұлттық туристік әкімшіліктер, министрлер, инвесторлар,
ғалымдар мен жас ұрпақтың дарынды өкілдері үшін жаһандық интерактивті алаң болып
табылады.
Форум , тәжірибелі менеджерлер мен жас таланттар арасындағы инновациялық
идеялар, туризм бизнесінде өз жолын бастап мемлекеттік және жеке секторлар, сондай-ақ
туристік қызмет, жаңа инновациялық және дәстүрлі салалардың озық тәжірибесін беру
негізінде бірегей тұжырымдамасын жүзеге асырады
Бесінші Дүниежүзілік туризм форумы, 3-5 мамыр , 2017 жылы, «тұрақты емес
ортада сұранысқа ие бол!» ұранымен өтті, әлемнің 75 елінен 500-ден астам өкілдері
қатысты.
Қазақстан атынан осындай ауқымды іс-шараға қатысуға алғаш рет әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті абыройға ие болды.
Форум қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Young Talents» бағдарламасына қосылды, және өзара түсіністік туралы меморандумға
қол қойылды, студенттік форумы-2019 инновациялық жобалар конкурсына, сондай-ақ
«ойлау орталығы» - ,еделді халықаралық қазылар алқасына қатысуға құқығына ие болды.