Халықаралық деңгейде ғылыми жоба қорғаған оқушыларды марапаттау

№15 мектеп гимназиясының директоры Оспанбек Бұлбұл Рыспекқызы халықаралық деңгейде ғылыми жоба қорғап, жүлделі орын алған оқушылардың университеттегі ғылыми жетекшілерін   мақтау грамотасымен марапаттады.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор м.а.  Курманбаева Меруерт Сакеновнаның жетекшілігімен №15 мектеп гимназиясының оқушысы Нұрсеитова Аружан Байқоңыр қаласында болған халықаралық олимпиада да  2 орын, ал Рысмендиев Ален Москва қаласында өткен халықаралық олимпиада да  3 орын иеленді. Осы жетістіктермен Курманбаева Меруерт Сәкеновнаны құттықтап, жұмысына табыс, еңбегіне жеміс, отбасына бақыт тілейміз. 


Басылым күні :  23.05.2018