Профессор Қанаев А.Т. Қытайдың тау-кен ісі және технологиясы университетінде (Пекин қаласы) болды.

13-20 мамыр аралығында 2014 ж.  биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының докторы, профессор Қанаев А.Т. Қытайдың тау-кен ісі және технологиясы университетінде (Пекин қаласы) болды.

Келудің негізгі мақсаты Университетпен және оның басшысымен білім және ғылым саласында екі жақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер жүргізу болып табылды.

Қол қойылған келіссөздер қорытындысы бойынша меморандумға келесідей: биология, биотехнология, биогеотехнология жаратылыстану ғылымдары секілді ұсынылатын ғылым салалары мен ынтымақтастықтың бағыттары және оларды жүзеге асыру түрлері келтірілген.

Ынтымақтастықтың бағыттарына:          

  • Қос дипломды беруді қарастыратын білім беру бағдарламаларын өңдеу және оларды бірігіп жүзеге асыру; 
  • біріккен ғылыми жұмыс 
  • академиялық кездесулер мен конференцияларды ұйымдастыру; 
  • серіктес университеттің басылымдарында мақалаларды жариялау; 
  • ғылыми ақпараттарды, мақалаларды, материялдарды және білімдерді алмастыру; 
  • университеттердің қызметкерлерімен және оқытушыларымен алмасу; 
  • бакалавриат, магистратура және доктарантура студенттерімен алмасу; 
  • білім және ғылыми ынтымақтастықтың өзге де түрлерін қамту. 

 

 

Басылым күні :  16.03.2015