Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Кәсіби бағдар беру жұмысы

16.01.2020

Жуырда шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы, PHD А.Е. Белялова Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. «Білім-Инновация» лицейлері – шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қою арқылы оқушылары халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын, төрт тілде (қазақ, орыс, түрік және ағылшын) білім беретін Қазақстандағы «KATEV» қоғамдық қорының басқаруындағы мектептер желісі.

Ары қарай оқу >>

Қысқы мектеп

10.01.2020

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы биылғы қысқы мектеп кезінде Токио университетінен келген қонақтарды қарсы алып, кең ауқымды бағдарламалар мен семинарлар ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Фарида Оразақынқызы «Жоғары Оқу Орнының Үздік Оқытушысы» Атанды

27.12.2019

2019 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру  жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының 31.12.2019 күнгі баспасөз хабарламасына сәйкес, 2019 жылы 27 желтоқсанда "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. 

Ары қарай оқу >>

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады

23.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов  ҚазҰУ ұстаздарын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Олардың қатарында қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида да бар. 

Ары қарай оқу >>

ҚХР - дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханымның Шығыстану факультетінде өткен «Қытай - Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәрісі

19.12.2019

ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханым ҚазҰУ, Шығыстану факультетіне арнайы келіп, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне «Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәріс өткізді. Дәріске Бас Консул Гэн Липин, Вице консул Мяо Хунбо, Консулдықтың жаңалықтар бөлімінің басшысы Хуан Тянь және бірнеше атташелар, шығыстану факультетінің басшылары, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты. Дәрісте Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарының өткені, бүгіні мен болашағы, сонымен қоса, тарихи, саяси, экономикалық және мәдени байланыстары баяндалды. 

Ары қарай оқу >>

Токиоға іс сапар

15.12.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті мен Токио университетінің гуманитарлық ғылымдар факультеті арасындағы ынтымақтастық жалғасуда. Қиыр Шығыс кафедрасының жетекшісі екі жоо өзара тәжірбибе алмасу мақсатында Жапония императорлық университеті – Токио университетінің Корейтану орталығында болды.

Ары қарай оқу >>

Түрксой кафедрасында консулдық сағат

07.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы мырзамен консулдық сағат өтті. Бас консул кездесу барысында студенттермен Түркия елінің тарихы, өткені мен кәзіргі уақыттағы даму стратегияларымен бөлісті. Қазақстанның мәдениетке, салт- дәстүр, қонақжайлыққа өте бай өлке екенін айта келе, өзінің осындай кең байтақ, достық пен бейбітшілік орнаған мейірімді елде Түркияның консулы болғанына ризашылығымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Сауд Арабиялық Мәдени атташе Шығыстану факультетінде

06.12.2019

Сауд Арабиясы Корольдігінің мәдени аттешесі профессор Мұхаммед Али Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне арнайы іссапармен келді. Мәдени атташе факультет деканы Ықтияр Палтөренің қабылдауында болып, факультет тынысымен танысты. Профессор Мұхаммед Али факультет қабырғасында оқытылып жатқан шығыс тілдерінің соның ішінде араб тілінің қазіргі жаһандану заманындағы интергальдық дискурс құралына айналып отырғанын, бұл өз кезегінде шығыс тілдерін меңгеру мен меңгертудің аса жауапты міндет екенін көрсететіндігін атап өтті.

Мәдени атташе Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары, студент, магистрант, докторанттарымен кездесіп, Сауд Арабиясы Корольдігі ЖОО дағы білім беру жүйесінде жолға қойылған озық тәжірибелер мен ағарту саласындағы перспективалық жобалар туралы сөз етті. Сауд Арабиялық мәдени өкіл Мұхаммед Али бұл кездесудің болашақта университетаралық мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға, екі ел ынтымақтастығын нығайта түсуге алтын көпір болатындығын жеткізді.

Кездесу соңында профессор Мұхаммед Али Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары мен араб бөлімі студенттерін Әр-Рияд ЖОО-ында тілдік тәжірибеден өтуге шақырды.

Ары қарай оқу >>

Жазба жәдігерлер шеруі Ұлттық кітапханада

03.12.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен ҚР Ұлттық кітапханасы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бірлесе отырып «Қазақ, араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мәдени шара 2019 жылдың 21-қарашасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасында өтті.

Дөңгелек үстел  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбековтің сөзімен басталды. Ғылыми хатшы ҚР Тұңғыш Президентінің «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясында шетел мұрағаттары мен шетелдік ғылыми мекемелерден ел тарихына қатысты ғылыми-тарихи құндылығы бар мұрағаттық құжаттарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын, бұл тұрғыдан келгенде «Қазақ, араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырудың маңызы ерекше екеніне тоқталып өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы PhD Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы жүргізіп отырды.

Шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессорлары Абдулла Ибрахим Әл-Хокил, Махмұд ибн-Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд және Абду ар-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан ас-Сулами қатысып, аталмыш орталықтың жұмысы мен екі ел ынтымақтастығына тоқталды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты көрме ұйымдастырылды.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, Абылайхан атындағы ӘТжХҚ университеті, Нұр-Мүбарак университеті мұғалімдері мен студенттері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» дәстүрлі ІІ республикалық әдістемелік вебинар Шығыстану факультетінде

03.12.2019

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен бірлесіп ЖОО оқытушыларына арналған дәстүрлі ІІ республикалық әдістемелік вебинар өткізді.

       Әдістемелік вебинар 2019 жылдың 19-қарашасы күні ҚазҰУ-дің Әл-Фараби кітапханасында халықаралық деңгейде өткен «Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ҚазҰУ Шығыстану факультетінде жалғасты.

Республикалық вебинар ЖОО оқытушы-профессорларына арналған «Тілдерді оқыту әдістемесі» ғылыми семинарымен басталып, «Араб тілінің грамматикалық құрылымдарын оқытудың әдістемесі» атты лекциямен жалғасты. Семинарды Сауд Арабиясы корольдігі «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессоры Абдул Азиз әл-Махмуд жүргізді. Ғылыми семинарға республика ЖОО оқытушылары мен араб тіліне қызығушылық танытатын өзге де ғылым салаларының мамандары қатысты.

Вебинар аясында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының араб бөлімінде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар, докторанттарға профессор Ибн Рафид әс-Суфианидің арнайы лекциясы ұйымдастырылды. Бір апта бойы жалғасқан білім шарасына еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен медресе ұстаздары, шәкірттері қатысып өз білімдерін арттырды.

Әдістемелік семинарға қатысушыларға Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» арнайы сертификаттары табыс етілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті басшылығымен басталған Сауд Арабиясы корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» оқытушы-профессорларының ЖОО оқытушыларына арналған II республикалық әдістемелік вебинар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде жалғасын таппақ.

Ары қарай оқу >>