«Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» дәстүрлі ІІ республикалық әдістемелік вебинар Шығыстану факультетінде

03.12.2019

Көрулер: 1885

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен бірлесіп ЖОО оқытушыларына арналған дәстүрлі ІІ республикалық әдістемелік вебинар өткізді.

       Әдістемелік вебинар 2019 жылдың 19-қарашасы күні ҚазҰУ-дің Әл-Фараби кітапханасында халықаралық деңгейде өткен «Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ҚазҰУ Шығыстану факультетінде жалғасты.

      Республикалық вебинар ЖОО оқытушы-профессорларына арналған «Тілдерді оқыту әдістемесі» ғылыми семинарымен басталып, «Араб тілінің грамматикалық құрылымдарын оқытудың әдістемесі» атты лекциямен жалғасты. Семинарды Сауд Арабиясы корольдігі «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессоры Абдул Азиз әл-Махмуд жүргізді. Ғылыми семинарға республика ЖОО оқытушылары мен араб тіліне қызығушылық танытатын өзге де ғылым салаларының мамандары қатысты.

      Вебинар аясында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының араб бөлімінде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар, докторанттарға профессор Ибн Рафид әс-Суфианидің арнайы лекциясы ұйымдастырылды. Бір апта бойы жалғасқан білім шарасына еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен медресе ұстаздары, шәкірттері қатысып өз білімдерін арттырды.

      Әдістемелік семинарға қатысушыларға Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» арнайы сертификаттары табыс етілді.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті басшылығымен басталған Сауд Арабиясы корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» оқытушы-профессорларының ЖОО оқытушыларына арналған II республикалық әдістемелік вебинар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде жалғасын таппақ.