«Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесі

27.01.2020

Көрулер: 1545

А.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында жапондық қазіргі заманғы өнерінің «Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесі өтті.

             Көрмеде әр түрлі стильде жұмыс жасайтын тоғыз заманауи жапон суретшісінің жұмыстары ұсынылды. Олардың бәрін біріктіретін нәрсе - жапон графикасының дәстүрлі технологиялары мен әдістерін шебер қолдану және олардың негізінде жаңа, заманауи туындыларды жасау.Суреттердің тереңдігі мен өзіндік ерекшелігі ешкімге жай өтіп кетуге мүмкіндік бермейді.

             Бұл көрмеге Қиыр Шығыс кафедрасының Жапонтану бөлімінің 2 курс студенттері қатысты. Артур Рахманкулов өз әсерімен бөлісті: Кіреберістің сол жағында «Укиё-е» стиліндегі суреттер бар, бірақ дәл осы бағыттың пайда болуы мен даму кезеңінде жасалған суреттерден айқын ерекшеленеді. Барлығына таныс әңгімелер ашық түстермен және кең сызықтармен суреттелген, олар жанрға тән емес «ауырлық» сезімін тудырмады, бәрі бірдей жеңіл және динамикалық болып қала берді.

             Галереяның екінші жағында да өте әсерлі суреттер тұрды. Оларда жапон мәдениетінің әртүрлі нысандарынан тұратын натюрморттар қара фонда бейнелеген. Терең, ашық түстер, қара фонмен салыстырғанда, «ішкі босаңсылық» сезімін тудырды.

             Көрмеде осы туындылардан басқа көптеген суреттер ерекше атмосфера мен эстетикаға ие болды, оларды өнерге бей-жай қарамайтындардың бәрі көруі керек деп ойлаймын. Мен үшін «Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесінес келу, толығымен «сұлулық» сөзіне балама болатындығын және мен шабыт іздеп бірнеше рет оған қайта оралатынымды түсіндім».