"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен ,,Абай Құнанбайұлының өлеңдерін араб тілінде мәнерлеп оқу,, атты онлайн іс-шара

12.04.2020

Көрулер: 1789

Сəуірдің 11-жұлдызында "Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында " Абай Құнанбайұлының өлеңдерін араб тілінде мәнерлеп оқу" атты Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 3-курс студенттерімен онлайн іс-шара өтілді. Іс-шараға жауапты ұстаздар Жумажанова Ф.Т. мен Коптилеуова Д.Т. "Zoom" электрондық бағдарламасы арқылы студенттермен кез-келген жағдайда байланыс жасауға болатынын осы іс-шара арқылы көрсетті.

Биыл қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы атамыздың туылғанына 175-жыл толуына орай студенттер өз өлеңдерін араб тілінде оқып, ойларын бөлісе отырды. Іс-шараның басты мақсаты: студенттер арасында Абайдың өлеңдерін, ұлағатты сөздерін əр тілде сөйлейтін мәдениет иелеріне дəріптеу үшін жеткілікті білім жинақтау болатын. Студенттер осы мақсатты орындап, әркім өз ойымен , керемет сезімдерімен бөлісті.

Басты түйілген ой: өзіңнің өткенінді дəріптемей алға жылжудың қиындығы. Бұл орайда, студенттер өз міндеттерін айқындап, мақсаттарын ұлылардың ізімен жүру бағытына келтіріп, іс-шараны аяқтады.