Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

29.11.2013

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған еліміздің барлық өңірлерінен жоғары оқу орындары жастарының басын қосқан «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі гала-форумы өтті.


Ары қарай оқу >>

Роман-герман тілдері мерекесіне шақырамыз!

29.11.2013

2013 жылдың 4-желтоқсанында 312-аудиторияда сағат 16:00-де «Роман-герман тілдері» клубы аясында өткізілетін дәстүрлі «Роман-герман тілдері» мерекесіне шақырамыз!
Келем деушілерге есік ашық!

Ұйымдастырушылар: Қарағойшиева Д.А., Кузембекова Ж.Ж., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары

29.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 2013 жылдың 29 қарашасында «Қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары» атты студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылды

29.11.2013

2013 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылып, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптың салтанатты тұсаукесері өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өтеді

28.11.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Елбасы -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорымен бірлесіп «Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті.

28.11.2013

28 қараша 2013 ж., сағат 15.00-де А.С. Аманжолов атындағы 322 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті. Бұл жиын факультеттегі дәрісхана атаулары мен клуб, үйірме, ұйым атауларына қатысты өтті. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы – Ертаева Фариза, «Ай – Ару» - Қыдырбай Мөлдір; «Түркі әлемі» - Әуесхан Райма, «Жәдігер» - Сдихова Жайнагүл; «Көкжиек» - Алиев Асан; т.б.

Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.

Жиынға факультеттің 1, 2, 4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары және оқытушылар: Ибраева Ж.Қ., Мәмбетова М.Қ. Бектемірова С.Б., Бөрібаева Г., және т.б.

Ары қарай оқу >>

Университетіміздің 80 жылдығына арналған "Тіл және мәдениетаралық ақырм-қатынас" атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!

28.11.2013

Университетіміздің 80 жылдығына арналған "Тіл және мәдениетаралық ақырм-қатынас" атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы өтеді

28.11.2013

29 қараша 2013 жылы сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған (Ғылыми кітапхананың конференц-залы) еліміздің барлық өңірлерінен ЖОО өкілдерінің басын қосатын «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі гала-форумының ашылуы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті

28.11.2013

27 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Л.Дүйсееваның жетекшілігімен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық тренингте Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері талқыланады

28.11.2013

Халықаралық қатынастар факультетіндегі 2013 жылдың желтоқсан айының 10-14 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму аясындағы «Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері» атты тақырыпқа өтетін халықаралық тренинг өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай кездесу өтті

27.11.2013

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл әлемдік ВИЧ/СПИД эпидемиясының таралуын тоқтату қажеттігін еске салатын күн. Осы күнге байланысты география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы № 4 жатақханада 26 қараша күні Алматы қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы білім беру бағдарламасының маманы А.К.Өмірбекова және «СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» дәрігер-эпидемиологы М.А. Тұрымбетпен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Балаларға үміт сыйла

27.11.2013

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Үмбетбаева Ж.Б. және Бекжан А.М жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты студенттермен кездесу әлеуметтік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді

27.11.2013

25 қарашада Ғылыми студенттер қауымы мемлекет және құқық теория, шет тілдер және әлем тілдерінің кафедрасымен бірлігіп, М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында 10 және 11 сынып оқушылар арасында «Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«XVІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ» «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА қатысуға шақырамыз

27.11.2013

«XVІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ»

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»
АТТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА
қатысуға шақырамыз

Ары қарай оқу >>

Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз

27.11.2013

28.11.2013 жылы сағ. 15.00-де филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 312 аудиториясында 1-желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз» атты тәрбие сағатына барлығыңызды шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті

27.11.2013

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде Бірінші Президент күніне арналған іс-шаралар аясында студенттер мен оқытушылардың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

26.11.2013

2013 жылдың 28 қарашаcында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековке арналған жоғары оқу орындарының 1-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Жанұя» балалар үйінде болып қайтты

26.11.2013

География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Шакен А.Ш. және Тойымбаева Ж.Х мен 1 және 4 курс студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

26.11.2013

27 қарашада жатақхана арасында қазақ күресінен жарыс өтеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ № 2 спорт залында (күрес залында) қатысушылар бірінші салмақ өлшеу мен медициналық бақылауы (сағ.1530 -1630 ) болып, жарыстың басталуы - 17:00.

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" кубогының жеңімпазы анықталды

26.11.2013

Еліміздің белді білім шаңырағы Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің тарихына 80 жыл толса, 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіподағына 15 жыл толып өз жұмысын бүгінгі күнде атқарып келеді. Кәсіподақтың негізгі басты мақсаты, ҚР-ның заңына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерінің әлеуметтік- экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау, мүшелерінің еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау болып табылады. Сонымен қатар еліміздің белсенді болашағын тәрбиелеуде түрлі мерекелік іс -шаралар, маңызды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Солардың бірі қараша айының 19 жұлдызында өткен «Сұңқар» кубына арналған қалалық дәрежедегі ашық КВН лигасы. Жыл сайын дәстүрлі түрде «Студенттер күніне» орай ұйымдастырылатын атаулы іс-шара биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде «Алтын күз» балы өтті

26.11.2013

2013 жылдың қараша айының 21 күні заң факультетінің студенттер мәслихаты мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" студенттік клубының ұйымдастыруымен "Алтын күз" балы өтті. "Алтын күз" балына 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы президенттік институтының қалыптасуы және дамуы туралы конференция өтеді

25.11.2013

ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ел басы Н.Ә. Назарбаев қоры мен бірлесіп 2013 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де (410 ауд.) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстандағы президенттік институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 18-23 қараша 2013 ж.

25.11.2013

  • Бауыржан Жақыппен кездесу өтті
  • «1-курс таланттары» байқауы өтті
  • КазНУ им. аль-Фараби прошла встреча студентов с представителями компании «Karachaganak Petroleum Operating».
  • Францияда оқып, тәжірибеден өткен ҚР ЖОО түлектеріне арналған жәрмеңке өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарпашылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Бүкіләлемдік философия күніне арналған шаралар ұйымдастырылды

25.11.2013

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы Бүкіләлемдік философия күніне арналған шаралар ұйымдастырды. Осы мерекеге орайластырылып «Түркі дүниесінің рухани бастаулары» атты халықаралық ғылыми конференция - VI Қасымжанов оқулары өткізілді. Конференцияға шетелдік және қазақстандық белгілі философтар қатысып, түркі және қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері туралы баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

«Менің Президентім» атты фотокөрмеге шақырамыз!

25.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы 2013 жылы 29 қарашада Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтеді

25.11.2013

2013 жылдың қараша айының 28-нде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 303 аудиториясында, сағат 11:00 өтетін, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы мен кедең, қаржылық және экологиялық құқық кафедраларымен ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаттың дамуындағы рөлі» атты дөңгелек үстеліне шақырады.

Ары қарай оқу >>

Құрметті жоғары сыныптың оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар!

24.11.2013

Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді «Озық ой!» - 2014 инновациялық жобалар сайысына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Жастардың ұлттық рухын оятқан байқау

24.11.2013

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент және студенттер Сенатының ұйымдастыруымен университеттік «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының ақтық байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

22.11.2013

Жексенбі күні, 24 қараша 2014 жыл, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастырылуымен Үлкен Алматы аңғарына демалыс күні ұйымдастырылады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранты Бауыржан Әлқожа - "Серпер" сыйлығының иегері

22.11.2013

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаттары қатарында әдебиет номинациясы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 2-курс магистранты Бауыржан Әліқожаны ("Ай-тұмай" өлеңдер жинағының авторы) құттықтаймыз.

Ары қарай оқу >>

Сонарға сіңбес соңғы көш...

22.11.2013

Журналистика факультеті студенттерінің «Әлем» әдеби бірлестігі бастамасымен 2013 жылы 21 қарашада«Сонарға сіңбес соңғы көш» атты Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, “Соңғы көш”, “Дарабоз” романдарының авторы Қабдеш Жұмаділовпен сыр-сұхбатқа құрылған шығармашылық кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қазақ диаспорасы өкілдерінің бейімделу мәселелері қарастырылады

22.11.2013

2013 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де ҚазҰУ-да (журналистика факультеті, Т.Қожакеев атындағы №230 аудитория) «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу және азаматтық (әлеуметтік) жағынан бейімделуі» атты тақырыптағы аймақтық дөңгелек үстелдің ашылуы болады. Бұл іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

Қарттар – біздің асыл қазынамыз

21.11.2013

Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Осы орайда физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының эдвайзер мұғалімдерімен бір топ студенттері қарттар үйінде болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Ауғанстаннан келген студенттер арасында «Менің университетім» атты кураторлық сағат өткізілді

21.11.2013

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында №7,8,9,10,11,12 ауған тыңдаушылары арасында университеттің 80 жылдығына орай «Менің университетім» атты ашық кураторлық сағат өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Бүкіләлемдік философия күні

21.11.2013

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы Бүкіләлемдік философия күніне арналған шаралар ұйымдастырды. Осы мерекеге орайластырылып «Түркі дүниесінің рухани бастаулары» атты халықаралық ғылыми конференция - VI Қасымжанов оқулары өткізілді. Конференцияға шетелдік және қазақстандық белгілі философтар қатысып, түркі және қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері туралы баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да әл-Фараби мұраларын зерттеу туралы жастар жиыны өтті

20.11.2013

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен біріккен «Даму одағы» студенттер ұйымы «әл-Фарабидің теориялық құқықтық мұралары тарихы маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар және жас ғалымдар үшін Республикалық конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Экологиялық туризмді ҚазҰУ-мен бірге дамытамыз

20.11.2013

20 қараша география және табиғатты пайдалану, рекреациялық география және туризм кафедрасында «Green Campus» ҚазҰУ бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі (МҰТП) дәріс-семинары өтті.

Ары қарай оқу >>

«Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

20.11.2013

Философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және 16 қараша халықаралық толеранттылық күніне байланысты «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Озық ой!» - 2014

20.11.2013

Құрметті жоғары сыныптың оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар!

Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді «Озық ой!» - 2014 инновациялық жобалар сайысына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде туризм индустриясын дамыту талқыланды

20.11.2013

2013жылдың 20 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы мен ҚТА (Қазақстан туризм ассоциациясы)-мен, ЖОО өкілдері мен ҚР БҒМ бірлесе отырып, «Кәсіби стандарттар туризм индустриясы үшін кәсіби мамандарды даярлауда тұрақты факторы ретінде» атты ON-line дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық

20.11.2013

Биология және биотехнология факультетінің аға куратор эдвайзері Шарахметов С.Е., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға куратор эдвайзері Мамурова А.Т. және кафедра куратор эдвайзерлері: Кегенова Г.Б., Баймурзаев Н.Б., Ахтаева Н.З., Сапаргалиева Н.С., Ахметова А.Б. топ студенттері мен Медеу спорт кешеніне салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық іс-шара өткізіп қайтты.

Ары қарай оқу >>

«Жапон тілін оқытатын сөздікті дайындау» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізілді

19.11.2013

2013 жылы 16-17 қарашада шығыстану факультетінде «Жапон тілін оқытатын сөздікті дайындау» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Токио шет тілдер университетінің (Жапония), Цукуба университеті (Жапония) мен Орталық Азия елдері университеттерінің оқытушылары дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Алма-Арасан» шатқалындағы демалыс орындарын қоқыстан тазарту

19.11.2013

География және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасының ұйымдастыруымен «Энергоэколог» клуб мүшелері 17-қараша студенттер күніне орай «Алма-Арасан» шатқалындағы демалыс орындарын қоқыстардан тазарту іс-шараларын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

19.11.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің 1-курс студенттері 13-01 және 13-02 топтарының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

www.qazaq.kz интернет-басылымы журналистика факультеті студенттеріне тапсырылды

19.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі қолдауымен 2013 жыл 15 қарашада «Қазақ интернеті және электронды БАҚ дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі 2005 жылдан бері қазақтілді Интернет-кеңістік қалыптастыруға үлесқосып, ана тіліміздегі ғаламторды дамыту мақсатында 100-ден астам сайтты әзірледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Осака университетінің профессоры Atsushi Hosaka дәріс оқиды

19.11.2013

2013 жылдың 19-22 қарашасы аралығында физика-техникалық факультеттің 304 аудиториясында Осака университетінің профессоры Atsushi Hosaka (RCNP, Osaka University, Japan) «Қазіргі физикаға кіріспе» (Адрондар физикасындағы эксперименттердің қазіргі дамуы) атты тақырыпта дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

«Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

19.11.2013

20-қараша (сағат 10:00) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы университеттің 80-жылдығына арнап «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні өтеді

19.11.2013

2013 жылдың 26 қарашасы күні сағат 11.00-де ЖОО дейінгі білім беру факультетінің акт залында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер үйінде “Best Students” атты конкурс өтті

18.11.2013

Қарашаның 15 күні Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушылары Абенов Б.К., Кожанова А.М., оқытушы Бекетова А.К. ұйымдастыруымен халықаралық студенттер күніне орай №8 студенттер үйінде “Best Students” атты конкурс өтті. Конкурс Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-ші курс студенттер арасында топаралық сайыс түрінде болды.

Ары қарай оқу >>

English Discussion club от «PeopleSay»

18.11.2013

География және табиғатты пайдалану факультетінің (БОК-6) 319 аудиториясында әр сейсенбі күні сағат 15:30 -17:00 - да ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын жақсарту мақсатында English Discussion club өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде Атырау университетінің мұнай және газ институтынан (АУ МГИ) келген қонақтарды қарсы алды

18.11.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Атырау университетінің мұнай және газ институтының (АУ МГИ) ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар проректоры Дина Диарова және "Нефтехимия" инженерлік профиль зертханасының меңгерушісі Аманжан Сагинаев іс-сапарымен келді. Атырау университетінің мұнай және газ институтының өкілдерінің келу мақсаты ғылыми-технологиялық паркінің инновациялық бағытта даму үрдісіне деген қызығушылықтарымен байланысты болды.

Ары қарай оқу >>

Бэла Ахметова атындағы аудитория ашылады

18.11.2013

2013 жылдың 22 қарашасында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының 75 жылдығына орай, оның есімімен аталған аудиторияның ашылуы және «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітап тұсаукесерінің салтанатты беташары өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 11 - 16 қараша 2013 ж.

18.11.2013

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбургтегі ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының Х форумының жұмысына қатысты
  • Тақырып жалғасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жахан Жанболұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
  • Журналистика факультетінде профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» атты кітабының тұсаукесері болады.
  • Студенттер "Махаббаттың жеті кереметі" атты шығармашылық кеш өткізеді
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да «Шал» киносы көрсетілді
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері» фотоальбомының және рhotooner.kzсайтының тұсаукесері болып өтті.
  • Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлең сөзідң патшасы, сөз сарасы» атты ыр кеші өтті
  • Имидждік материалдар
  • «Болашақ» бағдарламасымен білім алу
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Green Campus» жобасы аясында көгалдандыру іс-шарасы өтті

18.11.2013

2013 жылдың 15 қараша күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшілері Қ.М. Борбасова, А.К. Әбішева, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Green Campus» жобасы аясында кафедраны көгалдандыру іс-шарасы өтті. Магистранттар кафедра атмосферасына жағымды әсер ететін эстетикалық жағынан сұлулық беретін әртүрлі гүлдерден кафедраның көркін келтірер комбинациясын құрастырып, табыс етті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ақын Бауыржан Жақыппен «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтті

15.11.2013

Физика-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген, һәм, есімі республикаға танымал дарынды ақын Бауыржан Өміржанұлы Жақыппен «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

Аманхан Әліммен кездесу өтті

15.11.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын-публицист Аманхан Әліммен «Ай нұры алақанымда» атты шығармашылық кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ЖОО әскери кафедраларының жұмысын жақсарту жолдары талқыланды

15.11.2013

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында Оңтүстік өңірдегі әскери кафедрасы бар жоғары оқу орындарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайыммен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының түлегі С.Нарысовпен кездесу

15.11.2013

2013 жылдың 15 қараша күні сағ.12.00-де Шығыстану факультетінде факультеттің алғашқы түлектерінің бірі, қытайтанушы, Орталық-Азиялық тарихи-дипломатиялық Қоғамның төрағасы Серік Жұматайұлы Нарысовпен кездесу болып өтті.

Ары қарай оқу >>

«Көмек» еріктілер қозғалысының бастамасымен «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық кеші өтті

15.11.2013

2013 жылы 14 қараша күні «Көмек» еріктілер қозғалысының бастамасымен «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық кеші өтті. Бұл жарқын бастама алғашында университетіміздің тарих, археология және этнология факультетінде ұйымдастырылған болатын.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде Асылы Османмен кездесу өтті

15.11.2013

Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, 2004 жылғы Американың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институтының «Әлемдегі 2004 жылдың ең таңдаулы әйелі» атағына ие болған халқының ардақтысы Асылы Осман Әлиқызымен кездесу болып өтті.

Ары қарай оқу >>

«Казахский национальный университет имени аль-Фараби» проводит

15.11.2013

РГП «Казахский национальный университет имени аль-Фараби» проводит с 9 декабря по 16 декабря 2013 года олимпиаду среди учащихся средних и специализированных школ, а также гимназий Республики Казахстан.

Ары қарай оқу >>

Айнұр Қасенованың шеберлік сағаты өтеді

14.11.2013

15 қараша сағат14.00-дежурналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «Пиар мектебі» студенттік ғылыми үйірмесі Брюссель ашық университетінің, «Политология, Ақпарат және Коммуникация» мектебінің (Монс, Бельгия) түлегі, Қазақстаннның Бельгиядағы елшілігінде қызмет атқарған, «Капитал» журналының журналисі Айнұр Қасенованың шеберлік сағатына шақырады.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

14.11.2013

15 қарашада сағат 11.00-де физика-техникалық факультеттің № 330 конференц-залында «Физика және технология: Заманауи күйі және болашағы» атты теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Ғинаят Жұмабайұлы Мырзағалиевтың 80 жылдығына арналған халықаралық жұмыс жиынының ашылу салтанаты өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да әкімшілік құқық бойынша халықаралық конференция өтеді

14.11.2013

15 қараша (сағат 9:30-да, 15-қабат, ректорат) Алматыда әкімшілік құқық бойынша ТМД және Еуропа елдерінің ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» IV Халықаралық конференция өткізіледі. Аталмыш конференция Қазақстанда әкімшілік рәсімдер институтының мүмкін даму жолдарын көрсету мақсатымен өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында спорт ойындарынан жарыс өтеді

14.11.2013

17 қараша халықаралық студенттер күніне орай сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы спорткешенінің № 1 залында қыздар және ұлдар арасында спор түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Арқан тартудаұлдар (5 адам), гір спортыұлдар мен қыздар (4 адам) қатысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды

13.11.2013

11 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары, «әлемдік экономика» мамандығы 40 пен 41 топ эдвайзерлері Л.Дүйсеева мен А.Хұрметтің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражай қызметкері М. Усманованың жетекшілігімен «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

Онлайн видеоконференцияда жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды

13.11.2013

12 қараша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ұйымдастырушылық және басқарушылық тетіктері: (Ресейлік және шетелдік тәжірибе)” тақырыбында халықаралық онлайн видеоконференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтеді

12.11.2013

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында (сағат 14:00, Төле би көшесі, 96. А. Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының жетекшілігімен әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

12.11.2013

11 Қараша 2013, 21:36
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбургтегі ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының Х форумының жұмысына қатысты
1/4

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбургтегі Қазақстан және Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының Х форумының жұмысына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты

12.11.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты. ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов бастап барған делегация құрамында ғалымдар, ҒЗИ және ғылыми орталықтар директорлары, факультет декандары, оқытушылар және университет студенттері болды.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті

12.11.2013

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшілері Қ.М. Борбасова, А.К. Әбішева, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың велоинфрақұрылымы

11.11.2013

2013 жылдың 7 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «VeloCity» компания басшысы Қуат Ануар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Ғаламдық Экологиялық Қорының (БҰҰДБ/ҒЭФ) қолдауымен «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты жобаның менеджері Елена Ерзакович арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ҚазҰУ аумағында велоинфрақұрылым салу мәселесі қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті студентер мен магистрантар!

11.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы «Қазіргі сынтану мәселелері» тақырыбында студенттер мен магистранттар арасында өтетін дөңгелек үстелге шақырады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер еріктілер ретінде қайырымдылық жобасына қатысты

11.11.2013

Корейтану және жапонтану кафедрасының студенттері еріктілер ретінде POSCO (Оңтүстік Корея) қорының «Happy Builder Қазақстан 2013» қайырымдылық жобасына қатысты. Жоба 31 қазан мен 11 қараша аралығында өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 4 - 9 қараша 2013 ж.

11.11.2013

  • «Журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медияның мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өз жұмысын бастады
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жазушылар Одағы жанындағы жастар кеңесінің қолдауымен “Балалар әдебиетінің апталығы” аясында кездесу кеші ұйымдастырылды
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізеді.
  • ҚазҰУ-да «Шал» киносы көрсетілді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының бірлесуімен Мемлекеттік орталық музейінде «Ғажайып Қытай» фотокөрмесі өтуде
  • Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері» фотоальбомының және рhotooner.kzсайтының тұсаукесері болып өтті.
  • ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Нәзікен Алпамысқызымен студент жастардың кездесу кеші өтті
  • ҚазҰУ-дың студенттері имамдармен кездесті
  • «Журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жахан Жанболұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
  • Қорғанбек Аманжол – 60 жаста
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

SOPA Award Winners Forum: азиялық журналистика форматындағы журналистік зерттеулер

11.11.2013

Биыл Азия журналистер қауымының жеңімпаздары форумы журналистік зерттеу тақырыбына арналды. 1982 жылы негізі қаланған ұйымның бас кеңсесі Гонконгта орналасқан журналистика саласындағы жергілікті, аймақтық БАҚ-тағы ең озық тәжірибелерді қолдау саналады. Азиядағы журналистиканың дамуы бағыттарын жобалайтын ұйымның дәстүрге айналған SOPA сыйлығы бар.

Ары қарай оқу >>

Ж.Ж.Молдабековтың 70 жылдығына орай өткен "Қазақтану және ұлттық инновация"атты конференция өтті

11.11.2013

Көрнекті ғалым, бүгінде «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін салушы, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ұлағатты ұстаз, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық акмеологиялық ғылымдар академиясының академигі Жақан Молдабековтың 70 жылдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерей тойына арналған дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Бар қазақ – бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» ғылыми-зерттеу жобасының аясында «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Ай нұры алақанымда!

10.11.2013

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы «Әдеби жүздесулер» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын-публицист Аманхан Әліммен «Ай нұры алақанымда» тақырыбында әдеби жүздесу өткізеді

Ары қарай оқу >>

«Сұңқар» кубогына арналған Республикалық ашық КВН лигасы өтеді

08.11.2013

19 қараша күні сағат 18.00 Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығына орай ашық КВН лигасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Физика-математика ғылымдарының докторы Н. Данаевтың студенттермен кездесуі өтті

08.11.2013

Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлер академиясының академигі, ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Еліміздің ең үздік мұғалімі» атағын алған белгілі ғылым және білім қайраткері Н.Т. Данаевпен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Панфиловшылар ерлігі жайлы кітаптың тұсаукесері өтеді

08.11.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапты «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» Қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында басып шығарған.

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық жүйелер кафедрасының ашық есік күні

08.11.2013

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы №8 жатақханада кафедраның ашық есік күнін өткізді. 1-курс студенттеріне кафедраның профессор-оқытушылар құрамы таныстырылды және кафедраның үйірмелері жайлы ақпарат берілді. Қызығушылық танытқан студенттер үйірмелерге жазылды. Сонымен қатар студенттердің қойған барлық сұрақтарына кафедраның профессор-оқытушы құрамы толықтай жауап берді. Кеш өте жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

"Бірінші курс таланттары – 2013" гала-концерті өтті

08.11.2013

ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында биылғы «1-курс таланттары» байқауының іріктеу кезеңіне 650-ден аса өнерлі жастар қатысып, солардың ең үздіктері Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер "Махаббаттың жеті кереметі" атты шығармашылық кеш өткізеді

08.11.2013

12 қараша химия және химиялық технология факультетінің үлкен залында сағат 15.00-де университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ-дің студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасына орай, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында маманданушы магистранттар мен студенттердің ұйымдастыруымен Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмалық роман негізінде «Махаббаттың жеті кереметі» атты шығармашылық кеш өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

08.11.2013

6 қараша күні заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы СҒҚ мүшелерімен бірігіп, ең алғаш рет «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: білімді бағалау, эрудицияның дамуын тексеру.

Ары қарай оқу >>