Балаларға үміт сыйла

27.11.2013

Көрулер: 2029

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Үмбетбаева Ж.Б. және Бекжан А.М жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты студенттермен кездесу әлеуметтік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты студенттерді жетім балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарауға шақыру, оларға қайырымдылық шарасын өткізуде үлкен көмек көрсеткен студенттер мен кафедра оқытушылары жиналған сыйлықтар, мереке сыйлау болып табылады. Кездесу барысында күлдіргіштердің қатысуымен әртүрлі ойындар ойнатылып, кәсіпқой әртістер жәрдемімен балаларға көркем аквагримдер қолданылды. «Алматы облыстық №1 балалар үйінің» жетекшілігі қайырымдылық шарасын өткізгені үшін халықаралық құқық кафедрасына үлкен алғысын білдірді.