Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті

28.11.2013

Көрулер: 1779

27 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Л.Дүйсееваның жетекшілігімен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті.

Бұл мерекелік іс – шараның басты ерекшелігі оның тек ағылшын тілінде өтуінде болып отыр. Оқу процесі барысында алған тілдік білімдерін тәжірибеде қолданған 2 курс студенттері кештің жоғары деңгейде өтуіне барынша атсалысты. Кеш барысында еліміздің тәуелсіз жылдары қол жеткізген басты жетістіктері және оған қосқан Елбасының үлесі, сондай ақ Президенттің жыл сайын Қазақстан халқына арналған Жолдаулары туралы толық ақпарат мазмұнды да тартымды жасалған слайдтар арқылы жеткізілді. Тәуелсіз Қазақстандағы түрлі тарихи оқиғаларға негізделіп құрастырылған сөзжұмбақтар шешілді. Бұған қоса, студенттер ағылшын тілінде ән салып, тақпақтар мен Абайдың қара сөздерін оқып, кештің әсерлі өтуіне үлес қосты.

Халықаралық қатынастар факультеті