«Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді

27.11.2013

Көрулер: 1591

25 қарашада Ғылыми студенттер қауымы мемлекет және құқық теория, шет тілдер және әлем тілдерінің кафедрасымен бірлігіп, М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында 10 және 11 сынып оқушылар арасында «Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді.

Бұл жұмыстың мақсаты – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы ақпарат беру, студенттік өмір туралы түсіндіру. Олар презентация, дыбыс және бейнетаспа жазбалары арқылы оқушыларға арнайы жасалған материалдармен жүргізілді. Соңында Ғылыми студенттер қауымы қатусышылары, з.ғ.к. аға ұстаз Сагинаев М.Е. және аға ұстаз Алиярова Л.М. мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап және кеңес берді.