Халықаралық тренингте Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері талқыланады

28.11.2013

Көрулер: 2202

Халықаралық қатынастар факультетіндегі 2013 жылдың желтоқсан айының 10-14 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму аясындағы «Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері» атты тақырыпқа өтетін халықаралық тренинг өткізеді.


Орта Азия аймағының әлемдік экономика және әлемдік сауда жүйесіндегі біліктілікті арттыруды көздеген тренинг БҰҰ өкілдері, әлемдік сауда және әлемдік экономика мамандарының қатысуымен өтеді. Олар: Янек Цукровски, профессор, әлует дамыту бойынша ЮНИДО институтының басқарушысы (Вена қаласы, Австрия), Роман Могилевский, профессор, БҰҰ-ның сарапшысы(Бішкек, Қырғызстан), Серік Ысқақов, Стратегиялық зерттеу институтының доценты, ҚР Экономика Министрлігі (Астана). Бағдарлама жүйесінде бірнеше презентациялар, колоквиумдар, профессионалды кеңестер, іскерлік ойындар – 30 сағаттан астам белсенді жұмыс бар. Ол мемлекеттің жоғарғы және орта деңгейіндегі жетекшілеріне, ғалымдарға, мамандарға, сонымен қатар оқытушы-профессорларға арналған. Қатысушылар барлық әдістемелік материалдармен және презентациялармен қамтылады. Бағдарламаға қатысу тегін. Тапсырыс қабылдау арқылы іріктеу өтеді.

Тапсырыс қабылдау мерзімі желтоқсанның 5-не дейін.

Және тіркеу адресы: z.bimagambetova@inbox.ru

Халықаралық қатынастар факультеті