«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

08.11.2013

Көрулер: 2677

6 қараша күні заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы СҒҚ мүшелерімен бірігіп, ең алғаш рет «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: білімді бағалау, эрудицияның дамуын тексеру.

Тест ноталар жүйесі бойынша өткізілген I турда 12 қатысушыдан ІІ турға 6 қатысушы өтті. Ал II турда таңдау жүйесі бойынша үн (до-ре-ми-фа-соль-ля-си) ойыны өткізілді. Осы тур арқылы төрешілер келесі турға ең үздік қатысушылар өтті. III турда үш санатқа бөлінді. Қатысушылар өзінің кезегі бойынша бір санатты таңдайды. Дұрыс жауап берген қатысушы ұпай алады. Бұрыс жауап берген жағдайда жауап беру кезегі келесі қатысушыға өтті. Қазылар алқасын з.ғ.д, профессор А.С Ибраева және з.ғ.д профессор В.В Недземковский және з.ғ.к, доцент К.Р. Усеинова жеңімпазды анықтады. Жеңімпаз Пайызова Айдана атанды. Екінші орын Мамытхан Мөлдірге, үшінші орын Кенжина Венераға берілді. Ойын студентерін және СҒК мүшелерімен және з.ғ.д, профессор, академик ҰҒА-ның кореспондент-мүшесі С.С Сартаевтың әнгімесімен аяқталды.