КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылды

29.11.2013

Көрулер: 1803

2013 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылып, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптың салтанатты тұсаукесері өткізілді.

Қазақстан физиктерінің арасындағы бірден-бір КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Бэла Ғабдолғалиқызы Ахметова 12 қарашада 75-ке толар еді. Салтанатты іс-шараның ресми ашылуына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ә. Қожамқұлов, университеттің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Т.С., Қазақстанның ғылым және білім ордаларының көрнекті ғалымдары, жора-жолдастары, университет пен факультет ұжымы, магистранттар мен студенттер және көптеген қадірлі қонақтар жиналды. Аудитория лентасын Бэла Ғабдолғалиқызының жұбайы профессор Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлы кесті. Жиын соңында кафедра ұжымының атынан студенттерге 13 стипендия тағайындалып, жиналған қонақтарға «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітап таратылды.

Теориялық және ядролық физика кафедрасы ұжымы