Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті

27.11.2013

Көрулер: 2663

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде Бірінші Президент күніне арналған іс-шаралар аясында студенттер мен оқытушылардың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті.

Кездесу қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, атап айтқанда, келешектегі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, Дәурен Абаев, еңбек нарығында өзіндік «Мен»-ді анықтаудың табыстылығы көбінесе оқу барысында білім алу мен кәсіби дағдыны қалыптастыруда қосымша күш салусыз мүмкін еместігін нақты мысалдармен атап көрсетті. Студенттердің қазірден бастап болашақ жұмысы туралы ойлану керектігі, алдағы кәсібилікті жүзеге асыру үшін оқудан тыс қосымша оқыту курстарына қатысу , өндірістік тәжірибе өту жерін дұрыс таңдау сияқты кез келген мүмкіндікті пайдалану қажеттігін атап өтті. Д.А. Абаев «өмір бойы оқу» қағидасының іске асырылуы – кәсіби жетістікке жетудің маңызды кепілі екенін ескертті.

Сұхбат барысында студенттер Ұлт Көшбасшысы – Президент Н. Назарбаевтың қызметі, оның баспасөз қызметі және жалпы Президент әкімшілігі туралы сұрақтарына білікті жауаптар алды.

Сонымен қатар, кездесудің жас қатысушыларын экономикалық сипаттағы және соның ішінде мемлекеттегі салық салудағы әділдік туралы, Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруінің артықшылық-кемшіліктерінің арақатынасы, мемлекеттегі жол инфрақұрылымының дамуы және мұнай секторының даму жағдайлары туралы мәселелер қызықтырды...

Өз кезегінде студенттер қонаққа өз қызығушылықтары мен жетістіктері туралы айтып берді. Соның ішінде өздерінің көптеген студенттік ұйымдарда мүшелікте екендігін, өзіндік немесе оқытушылармен бірге ғылыми-инновациялық жобаларға қатысатындары туралы да айтылды. Сондай-ақ, студенттер кезінде Дәурен Абаевтың тікелей қатысуымен құрылған «Сұңқар» студенттер қоғамдық қозғалысының алдағы мерейтойы туралы сөз қозғады.

Кездесу соңында әлеуметтік даму ісін басқаратын проректор Ш.Джаманбалаева ректор, студенттер және оқытушылар атынан өткізілген қызықты сұхбат үшін алғыс айтып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығының мүшесін университеттің 80 жылдық мерейтойына қатысуға шақырды.

Халықаралық қатынастар