Студенттер "Махаббаттың жеті кереметі" атты шығармашылық кеш өткізеді

08.11.2013

Көрулер: 3071

12 қараша химия және химиялық технология факультетінің үлкен залында сағат 15.00-де университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ-дің студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасына орай, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында маманданушы магистранттар мен студенттердің ұйымдастыруымен Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмалық роман негізінде «Махаббаттың жеті кереметі» атты шығармашылық кеш өткізіледі.


Бағдарламада Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы, «Мөлдір махаббат» драмалық роман негізінде шағын қойылым мен концерт жоспарланған. Барлық ұстаздар мен студенттер қауымын шақырамыз. Кешіміздің қадірлі қонағы болыңыздар!

Ұйымдастырушылар: 2 курс магистранттары мен 4 курс студенттері (куратор-эдвайзерлер: х.ғ.д., профессор Аубакиров Е.А., х.ғ.к., аға оқытушы Смағұлова Н.Т., х.ғ.к.,PhD Ермолдина Э.Т.)