Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Жанұя» балалар үйінде болып қайтты

26.11.2013

Көрулер: 2219

География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Шакен А.Ш. және Тойымбаева Ж.Х мен 1 және 4 курс студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара барысында студенттер қатарынан құрылған КТК (көңілді тапқырлар клубы) командасы балаларға дайындаған бағдарламасын көрсетіп, аз да болса балалардың көңілін табуға тырысты. Шара соңында оқытушылар мен студенттер балаларға апарған тәтті-дәмділерін таратып, қолдан келген көмектерін аямады. Бұл ұйымдастырылған шара арқылы аз да болса жетім балалардың күнделікті өміріне қуаныш сыйлауға арналды.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы