"Халық аспаптар бөлімінің" мерейтойы

27-сәу-23

Көрулер: 532

Дәстүр сабақтастығын сақтаған ұлттық өнердің ізін қалаушы киелі білім, өнер ордасы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның 55 жылдық тарихы бар «Халық аспаптар бөлімінің»мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелік концертіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 17-топ тыңдаушылары мен кураторлар ЖҚ. Дауытова және Г.М. Мужиговалар рухани азық алып, рухани демалып қайтты.
Аталмыш қара шаңырақта ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастырушысы және алғашқы дирижері болған – академик, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың есімі тарихта алтын әріппен жазылды.