Журналист болғым келеді

21-сәу-23

Көрулер: 551

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында шығармашылық топтарға дәріс беріп келе жатқаныма ширек ғасырдың шамасы болып қалды. Бұл топқа кіл тілге жүйрік, ақындық қабілеті бар талантты, болашақ журналистер мен әдебиетшілер жиналады. Университеттегі түрлі өнер додалары мен білім сайыстарына да белсене қатысып, өздеріңің қабілеттерін шыңдайды. Биылғы түлектер де алғыр, талапты, белсенді жастар болды. Мамандық таңдауға арналған эсселерін оқып, Атажұртқа арманын арқалап келген әрбір шәкірттің жүрегінің түкпіріндегі мөлдір сырларын түсіндім. Бала қиялындағы журналист болсам деген армандарына жетуге аз уақыт қалды, жыл бойы жасаған дайындықтары мен талаптары оларды нәтижеге жеткізсе деп тілейміз! Журналистика факультетіне барғанда өздеріне бәсекелестердің осал болмайтынын байқаған болатын, сол үшін түрлі сынақтарға қатысып, биіктерден көрінген тыңдаушыларымыз аз емес.