Ботаникалық баққа саяхат

11-сәу-23

Көрулер: 392

Өлкентану клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары БОТАНИКАЛЫҚ баққа мәдени-танымдық саяхат жасады. Тыңдаушылар «Жапон бағы», «Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер оранжереясы», «Солтүстік және оңтүстік Американың дендрологиясы» атты ботаникалық бақтың негізгі экспозицияларымен танысып, Алматының кешкі әсем көрінісін тамашалады.