«Қазақстанға қош келдіңіздер!»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнындағы білім беру факультетіне 2018-2019 оқу жылына тілдік дайындықтан өткізу мақсатында 30-ға жуық ауғанстандық тыңдаушы қабылданды. Келесі оқу жылында олар университеттерде баклавриат, магистратурада білімін жалғастырмақ

2018 жылдың 21 қарашасында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары: Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, С. Нусупбаева, Г.Сапаева, Алматы әуежайында Ауғанстаннан келген тыңдаушыларды күтіп алды. Оларды жатақханаға орналастырып, жаңа ортаға бейімдеу мақсатында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды

Басылым күні :  29.01.2019