Достықта шекара жоқ

Ауғанстан ‒ саяси жағдайы күрделі мемлекет. Ауғанстанның Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынастары 1992 жылдан басталады. Саяси шиеленістерде өмір сүріп жатқан ауған халқына Қазақ елі әрдайым көмек қолын созуда. Қазақстанның гуманитарлық іс-шараларының бірі – екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 2010-2017 жылдар аралығында ҚР Үкіметі мен АИР Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2009 жылғы 22 қарашадағы келісімі негізінде 800-ге таяу ауғанстандық студент тілдік дайындықтан өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Жоғары білім министрлігі арасындағы Жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы   Меморандумға сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнындағы білім беру факультетіне тыңдаушы қабылдау мақсатында факультеттің АИР студенттеріне қатысты жұмыстар бойынша үйлестірушісі, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Гүлшара Тастемирова Кабул қаласына іссапармен барып, үміткерлерден емтихан қабылдады.

Басылым күні :  29.01.2019