Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне орай ашық сабақ

2018 жылдың 29 қарашасында сағат 14.00-де Ұлықбек 36. 203 ауд.       1 желтоқсан Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне орай, Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесіне арналған «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»  атты ашық тәрбие сағаты. Кураторлық тәрбие сағатының мақсаты: Шетелден келген қазақ диаспора тыңдаушыларына Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш президенті туралы ізденіс жасап, өмірбаяны мен жүріп өткен өмір жолы арқылы үлгі, өнеге, тәлім - тәрбие беру мақсатында өткізілді.

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, өз елінің нағыз көшбасшысы екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Басылым күні :  04.12.2018