«Елші сағаты»

 23.11.2016 ж. сағат 13.00-де Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залында «Елші сағаты» атты кездесу өтті.                                      АИР Бас консулдығының елшілері ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің басшылығы мен тыңдаушыларын Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, факультет басшылығына өз ризашылығын білдірді.  Бас консул ауған тыңдаушыларды Қазақстандағы университеттің оқу жүйесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар тыңдаушылар демалыс кезінде басқа қалаларға бару үшін факультет пен елшілік тарапынан рұқсат алу керектігі жайлы тоқталып өтті. 

Басылым күні :  19.12.2016