«Қарт ҚазҰУ»

07.11.2016 ж. сағат 13.00-де «Қарт ҚазҰУ» атты іс-шара өтті. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен қазақ диаспора топтары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «ҚазҰУ- дің 75 - жылдық тарихы мұражайына» саяхат  жасады. Тыңдаушылар университеттің басшыларымен және университет қабырғасында қызмет еткен академик, профессор оқытушы құрамының еңбек жолымен, сонымен бірге 80 жылдан астам тарихы бар университеттің тарихымен танысып толық мәлімет алып қайтты.

 

Басылым күні :  24.11.2016