2016 жылдың 06-шы сәуірінде А.К. Бегалиева, Ш.М. Тойғанбекова, К.Д. Абдибекова және Э.Т. Қазыбекованың ұйымдасуымен 1, 2, 7және химия тобының тыңдаушыларымен Алматы қаласының «Үміт» балалар үйіне барды

Мақсаты: балалар үйінің сәбилеріне көңіл бөлу, мейірім таныту, жылулық сыйлау.

     Міндеті:тыңдаушылардың жүрегінде жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдерін ояту.

Тәрбиелік мәні:өмірлік қателіктерге жол бермей, әр басқан қадамын ақылмен саралау.

Кішкентай бүлдіршіндерге ой-өрісін, интеллектуалын дамытуға арналған түрлі ойыншықтар алып бардық. Көздері жәудіреп, мейірім мен жылулық іздеген балапандар барын салып өлең жолдарын айтып, қара жорға биін билеп берді. Біздің оқушыларымыз да қосылып би билеп, әр баламен қол ұстасып, құшақтасып аз да болса мейірім берді. Балалар қуанып, марқайып қалды.

     «Үміт» балалар үйінің жағдайы бүгінде жақсы. Балаларға қажет жабдықтар мен киім-кешек, оқу заттары, жатын бөлмелері барлығы қамтамасыз етілген. Бөлмелері мен оқу залдары таза. Ауласында балаларға қажет ойын аулаларымен, жасыл шыршалармен, гүлдермен безендіріліп көркейтілген.

Басылым күні :  14.04.2016