ХІII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 26-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында онлайн форматта Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ.pdf

Басылым күні :  10.03.2021