ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Т. ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылдың 20 ақпанында онлайн режимде өтетін Т. Тәжібаевтың 111 жылдығына арналған «Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін Т.Т.Тәжібаев идеялары контекстінде талқылау және олардың шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер,магистранттар, докторанттар және қызығушылық танытушы тұлғалар арасында ғылыми теориялық және тәжірибелік білімдерді тарату.

 

Конференцияға қатысуға педагогика және психология саласындағы ғылыми зерттеумен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері шақырылады.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

1. Т.Тәжібаев идеялары контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық ой

2. Психологиялық және педагогикалық білім берудің өзекті сұрақтары

3. Қазіргі таңдағы білім берудің этнопедагогикалық және этнопсихологиялық аспектілері

4. М.М. Мұқановтың психологиялық мұрасы және оның идеяларының психологиялық-педагогикалық зерттеулерде дамуы

5. Қолданбалы психологиялық және педагогикалық зерттеулер

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы

20 ақпан 2020 жыл, сағат 10.00

 

Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Microsoft Word форматында дайындалған мәтіндер қабылданады

Өрістер

Барлық өрістер – 2 см

Негізгі шрифт

Times New Roman

Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі

12

Жоларалық интервал

Біркелкі

Мәтінді туралау

ені бойынша

Азат жол (қызыл жол)

1,25 см

Беттерді нөмірлеу

жүргізілмейді

Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті

дерек көздеріне сілтеме тік жақшада ескерту тәртібімен беріледі, МЕМСТ Р 7.0.5-2008 бойынша ресімделеді.

Көлемі

3 беттен кем емес- 5 беттен көп емес

 

Әдебиетті рәсімдеу ережесі

1.Лузин А., Ключевые концепции современного менеджмента. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2007. – 184 б.

 

Конференция басталу уақытына дейін материалдар жинағы дайындалады.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2020 жылдың 03 сәуіріне дейін қатысуға өтінім мен баяндама мәтінін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 4000 теңге.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы kaznu.psychology@gmail.com.

Баймолдина Лаура Оразбековна 8 (727) 292-57-17 (17-50), +7 702 320 5691

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мекен-жайы: Алматы қ. Масаншы көш. 39/47, 415 ауд.

Басылым күні :  11.01.2021