Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2023 жылдың 17 қарашасында I АМАНЖОЛ ҚАСАБЕК ОҚУЛАРЫ аясында өтетін көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор, Қасабек Аманжол Қасабекұлының 80 жылдығына, Бүкіләлемдік Философия күніне арналған «ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Заманауи әлемдік философиядағы әдіс және әдіснамалық мәселелер.
  2. Дәстүр және жаңашылдық: қазақ философиясының өзіндік ерекшеліктері.
  3. Рухани сабақтастық аясындағы философ-ғалым Аманжол Қасабектің тұлғалық келбеті және шығармашылық болмысы.
  4. Педагогикалық инновациялардың философиялық рефлексиясы және Қазақстандағы сапалы білім беруді одан әрі жүзеге асыру перспективалары (4 ОДМ).

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, әл-Фараби орталығы және ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық философиялық конгресс, Түрік халықтары философия қоғамы, Түрік халықтары философия қоғамының Қазақ комитеті.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын, түрік

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: аралас (YouTube трансляциясымен онлайн, офлайн форматта)

КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2023 жылғы 17 қараша, сағат 1100  

Өткізілетін ОРНЫ: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71/27, 409 зал.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

8 (727) 377 33 30 (17-59) философия кафедрасы, +77075288675 (Әлия Рамазанова), +77478394849 (Гүлнәр Сембаева), +77053051822 (Айгүл Тәйженбетова)

Электрондық пошта: kasabekokulary@gmail.com    

Мекенжайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби ғылыми кітапханасы. Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71/27, 409 зал.

Басылым күні :  13.10.2023