ПРЕСС-АНОНС

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ПРЕСС-АНОНС

 Құрметті әріптестер мен шәкірттер!

  

2023 жылдың 15 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасында «Түрік философиясының репрезентация» атты қорытынды семинар сабағы өтеді.  

Аталмыш семинар «Философия» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтеді. Семинар сабағы студенттердің «Түрік философиясы» арнайы курсы аясында алған білімі мен біліктілігін қамтиды.

Семинарда қазақтың ұлттық дүниетанымының бастауы болып саналатын Түрік философиясы, оның өзекті мәселелері мен бүгінгі ахуалы қарастырылмақ. Шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында ұлттық рух, мемлекетшілдік қасиет, патриоттық сезім қалыптастыруды көздейді.

Философиясы бар халық – болашығы бар ел. Сол елдің болашағы төлтума философиясын терең сезіну арқылы өміршең болмақ. Бүгінгі жаһандану заманында мұның қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Төл философиясы мен мәдениетін заманның талаптарымен ұштастыра алған адам өркениет сынында сүрінбейді.  

 

Семинардың жұмыс тілі: қазақ

 

Қорытынды семинарға кафедраның оқытушы-профессор құрамын, бакалавр, магистратура, докторантура деңгейінде білім алушы барлық шәкірттерін шақырамыз!

Өтетін орны:

Мекен-жайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі 95А, 200-аудитория.

15 маусым 2023 жыл

 

Ұйымдастырушы:    

Философия кафедрасы

Пресс-анонс, Түрік философиясы_KAZ.pdf


 

Басылым күні :  14.06.2023