ПРЕСС-РЕЛИЗ

Философия және саясаттану факультеті шетел университеттерімен ғылыми серіктестігін нығайтуда!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Философия және саясаттану факультеті академиялық серіктестіктігін  ілгерілету мақсатында 2023 жылдың 6 маусым күні факультеттің профессор-оқытушылары Ресейдің тұнғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал Федералдық университеті профессорларымен кездесу шарасын өткізеді.

 

Шараға арнайы іс-сапармен Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал Федералдық университеті жанындағы Орал гуманитарлық институтының бірқатар ғалымдары Сыманюк Эльвира Эвалдовна, Черноухов Дмитрий Эдуардович, Запарий Юлия Владимировна, Жериборов Денис Сергеевич және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тараптан Философия және саясаттану факультетінің деканы  Б.Б. Мейрбаев, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Әлқожаева, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Г.С. Абдирайымова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева, факультет деканының ҒИҚ және ХБ жөнінен орынбасары А. Альчимбаева, аталған кафедра меңгерушілерінің ҒИҚ және ХБ жөнінен орынбасарлары А.М.Текесбаева, А.С. Мустафина, З.М. Садвакасова және жалпы факультет бойынша қосдипломды бағдарламалардың координаторлары қатысады.

Кездесу барысында екі жақты тараптар  өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері, атап айтқанда,   академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдама, бірлескен жобаларды іске асыруды оңтайландыруға бағытталған келісімдерді талқылайды. 

Кездесу форматы: офлайн

Өтетін орны: Алматы қ-сы, Масанчи көшесі 39, 123 мәжіліс залы.  

Ұйымдастыру комитетінің байланыс номері:
Альчимбаева А.Б.(+77017272300)

Басылым күні :  02.06.2023