ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге қол қойды. Мұндай бастама екі ел арасындағы білім мен ғылым  бағытындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақтастықты тереңдетеді деген ойдамыз. Жаһандық интеграция үрдісі политехникалық мамандықтарды ізгілендіру, заман талабына сай жетілдіруге бағытталған  жаңаша  технологиялар, коммуникациялар, ғылым, техника, өнеркәсіп салаларын игеруде жаңа серпін берері анық.

Университеттің академиялық серіктестіктігін  ілгерілету мақсатында 2023 жылдың 22 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен  Гонконг политехникалық университеті (PolyU) жанындағы "Жібек жолы" қауымдастығының ғылыми қызметкерлерімен «Антропологиялық мәдени туризмді дамытудағы ғылыми альянсты нығайтудың көкжиектері» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өтеді.

Дөңгелек үстел жұмысына факультет деканы, қауымдастырлған профессор Б.Б. Мейрбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдері, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева, кафедраның профессор-оқытушылары мен докторанттары  және әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкерлері қатысады. Гонконг политехникалық университеті тарапынан  профессорлар Джустина Юнг, Суан Со, Памела Юй, Линда Ло қатысады.

Шараның қорытындысы бойынша екі жақ тараптың ғылыми серіктестігі жолдары, атап айтқанда, академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдама, бірлескен жобаларды іске асыруды оңтайландыруға бағытталған келісім шарт орнату қарастырылады.

Дөңгелек үстел форматы: офлайн

Өтетін орны: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 71/27, әл-Фараби кітапханасы, 201 мәжіліс залы (БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша Жаhандық Хабы)

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс номерлері:
Альчимбаева А.Б.(+77017272300), Карибаева А.Н. (+77089730953)

Басылым күні :  20.05.2023